Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанға тартылған халықаралық инвестиция көлемі 15,8%-ға ұлғайып, соңғы бес жыл ішінде рекордты көрсеткішке жетті

 

2015 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыс дамыған және экономикасы өтпелі елдерге халықаралық инвестициялық ағын көлемін барынша азайтты. Қазақстанда керісінше: 2018-жылдың қорытындылары бойынша халықаралық инвестиция көлемі 2015-жылмен салыстырғанда 58%-ке өсіп, 15,4 млрд- тан 24,3 млрд АҚШ долларына жетті. Ең ірі инвестор елдер қатарында Нидерланды, АҚШ, Швейцария бар. Инвестициялардың негізгі көлемі тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібіне, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметке, көлік, қойма, қаржы және сақтандыру салаларына тиесілі, деп хабарлайды Kazlenta.kz finreview.info сайтына сілтеме жасап.


Жахандану процестерінің үдерісті белсенділігі елдерді экономикалық бірлестіктер шегінде ықпалдасып әрекеттесуге ынталандырады. Экономикалық даму, даму үрдістері мен әлеуеттерінің деңгейі ұқсас мемлекеттердің өңірлік ықпалдасуы олардың әлемдік нарық экономикасына тиімді тартылуына септігін тигізуі мүмкін.


2015-жылғы 43,5%-ке дейін қарқынды өсуден кейінгі әлемдік инвестициялық ағындардың динамикасы соңғы екі жылда динамикасы азайып отыр. 2017-жылдың соңына қарай жахандық инвестициялық ағындардың көлемі 1,4 трлн АҚШ долларын құрады (-23,4%). Негізгі дәрежедегі елдердің ішінде экономикасы даму үстіндегі мемлекеттер ішінде ғана ілгерілеу орын алды: 0,1%-ке, 670,7 млрд АҚШ долларына дейін. Дамыған елдерге ШТИ (шетелдік тікелей инвестциялар) елеулі мөлшерге дейін – 37,1%-ке, экономикасы өтпелі елдерде — 27,1%-ке азайды. Осылайша, жахандық инвестициялық ағындардың үрдісі, ағындардың көлемін 2015-жылдың деңгейіне жеткізу перспективасын сақтаумен бірқалыпты теріс мәнді.


Қазақстан ХВҚ және Бүкіләлемдік банктің сыныптамасына сәйкес дамушы елдердің санатында. 2018-жылдың қорытындылары бойынша халықаралық инвестициялық ағындардың көлемі жыл ішінде 15,8%-ке ұлғайып, соңғы бес жылда рекордты мәнге — 24,3 млрд АҚШ долларына жетті. Дағдарысты 2015-жылмен салыстырғандағы ұлғаю 58%-ті, немесе 8,9 млрд АҚШ долларын құрады. Өз кезегінде, ұлттық экономика едәуір бірқалыпты даму үстінде, жыл өткен сайын оң динамиканы көрсетіп келеді. ШТИ-лардың Қазақстанның экономикасына тартылуы 14% деңгейінде қалып отыр, 2022-жылға қарай бұл көрсеткішті 19%-ке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.



Қазақстандық экономикаға ең ірі инвестор елдер — негізінен дамыған елдердің өкілдері. Олардың ішінде тұтқалылары — Нидерландтар (7,3 млрд), АҚШ (5,3 млрд) және Швейцария (2,5 млрд АҚШ долл. ). Ресей өзінің 1,5 млрд инвестицияларының көлемімен төртінші орында. Бірінші ондықтағы инвестор елдер бір жылдың ішінде Қазақстанның экономикасына инвестициялық ағындарын 20,2%-ке ұлғайтты. Бірінші ондықтағы инвестор елдердің өз қолында Қазақстанға бүкіл ШТИ-лардың 89,5%-ін шоғырландырып отырғандығы да қызықты жәйт.


Инвестициялар өз кезегінде салалардың шағын тізімін қамтиды. Инвестициялық тұрғыда ең тартымды салалардың қатарында әдеттегі — тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу. 2018-жылдың соңына таман оған барлығы 122,1 млрд АҚШ долл. инвестицияланды. (бүкіл инвестициалардың 55,7%). Кәсіби, ғылыми және техникалық жұмыстар — халықаралық инвесторлар үшін тартымдылығы бойынша екінші орында. Осы салаға инвестициялардың көлемі 16,9 млрд АҚШ долл. құрады (бүкіл инвестициялардың 7,7%). Бірінші бестіктегі қалған орындар өңдеу өнеркәсібінің (16,8 млрд), көлік және қойма (14,4 млрд), қаржы және сақтандыру қызметінің еншісінде (13,4 млрд АҚШ долл. ). Аталған салаларда қордаланған инвестициялардың жиынтық көлемі 183,6 млрд АҚШ долл. немесе 83,7%-ті құрайды.


Инвестициялық белсенділік көшбасшыларынан бөлек, Ұлттық инвестициялық стратегия аясында басымдық санатындағы елдердің және салалардың тізімі белгіленді. Ондай елдердің жалпы тізімі 19 мемлекеттен құралып отыр, олардың ішінде ЕАЭҚ, ЕО, ЭӘДҰ, Таяу Шығыс пен Азия елдері бар.


Салалар ішінде негізгі екі топ ерекшеленеді:


• І-топ — «әлеуеттілігі әрекеттегі салалар»: тағам өнеркәсібі, мұнайды, газды, пайалы қазбаларды толық өңдеу (металлургия, химия және мұнай-химия салалары), сондай-ақ машина жасау өнеркәсібі. І-топ қысқа немесе орташа мерзімді перспективада тиімділікті арттыруды көздейтін ШТИ-ларды нәтижелі жұмсау мүмкіндігі бар салалардан құралады. Аталған салалар Қазақстанның бәсекелік артықшылықтары бар қайнарлары болып табылады және ТШИ-ларды тартады.


• ІІ-топ — «үміт күттіретін салалар»: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және қаржы салалары. Іі-топ ұзақ мерзімді перспективада ықтималды халықаралық инвесторлардың қызығушылығын тудырып, соның салдарынан экспорт әлеуеттілігін күшейте алатын салалардан құралады. Мысалы, ішкі және сыртқы туризмді күшейту, ол елдің имиджін күшейтеді, немесе ел ішінде бүкіл әлем бойынша басым салада — АКТ саласында жоғары білікті мамандардың жасампаз көлемін дайындау.




Арнайы экономикалық аймақтарды жасау — өңірлік экономикалардың ықпалдасу процестерін тереңдете түсудің тағы бір маңызды факторларының бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 12 АЭА және 23 индустриалдық аймақ ашылып, жұмыс істеуде. Оларды жасау үшін бюджеттен 314,3 млрд тг бөлінді, бұл өз кезегінде 910 млрд тг сомаға инвестицияларды тартуға жол ашты. Жақын арада тағыда төрт АЭА-ты жасау қолға алынуы мүмкін — Петропавлда, Қостанайда, Ақтөбеде және Байқоңырда.


АЭА-тардың айрықша құқықтық режимі – кедендік жеңілдіктерді, салықтар бойынша әртүрлі жеңілдіктерді, АЭА аумағындағы жер учаскелеріне қолжетімділіктің жеңілдетілген тәртібін және шетелдік жұмыс күшінің тартылуын көздейді.


АЭА қатысушылары үшін келесідей преференциялар көзделген:
• корпоративтітк табыс салығынан босату;
• жер салығынан босату;
• мүлік салығынан босату;
• өндіріс процесінде толық тұтынылатын тауарлар АЭА аумағында жұмсалатын жағдайда, оларды қосымша құн салығынан босату.


«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушылары үшін қосымша салық жеңілдіктері көзделген, мысалы әлеуметтік салықтан және көзделген экстерриториалдық қағидатынан босатылған. Бұл преференциялар сыртқы инвестициялық ағындардың басымдық санатындағы саларға белсенді тартылуын ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық имиджінің тартымдылығын күшейтуі тиіс. Алайда қазіргі таңда барлық АЭА-ға субсидиялар мен жеңілдіктерді біріздендіру қарастырылмаған, әр АЭА үшін жеңілдіктер тізімі дербес.


Аталған модернизациялау процестерімен бірге, экономикалық даму тұжырымдамасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығына ерекше көңіл бөлінеді, ол ЕАЭО және Орталық Азия елдері үшін өңірлік қаржы орталығына айналды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Қазақстанда 2025-жылы Бірыңғай қаржы реттеушісін, АХҚО-н қажетінше тарта отырып, құру – Қазақстанның ЕАЭО-на және Орталық Азияның экономикасына, ұлттық экономика мүдделерін ескере отырып, ықпалдасуын жеделтеде түседі.


2018-жылдың соңында Қазақстанда шетелдік қатысушылары бар 31,5 мың заңды тұлға, филиал және өкілдік тіркелді, олардың ішінде әрекеттегілері — 17,7 мың ұйым (56,4%). Россия, Түркия және Қытай — Қазақстанда әрекет етіп отырған заңды тұлғалары жағынан көшбасшылар. Үш елдің белсенді кәсіпорындарының жиынтық саны 15,9 мың ұйым, олар шетелдік компаниялар нарығының жартысын құрайды.


Сонымен қатар, 2 шілдеде AIFC базасында 200 компания тіркелді. Қатысушы компаниялар арасында China Construction Bank, China Development Bank, WOOD & CO, CURTIS MALLET-PREVOST (Qazaqstan) Limited, CICC, Лукойл, SWHY және т.б. АХҚО-нда тіркелген халықаралық өкілдіктердің ішінде үлкен бөлігі — Ұлыбританиялық (9), Финляндиялық (6), Қытай (6), Гонконг (4), АҚШ (4), Россиялық (3) және Нидерландтық (3) компаниялардың еншісінде. Тіркеліп отырған компаниялардың кең географиясы халықаралық қауымдастықтың өз қатысушыларына мүмкіндіктер мен преференциялардың кең спектрін ұсынып отырған Астаналық қаржы орталығына қызығушылықтың күшті екенінің куәсі. Нью-Йорк пен Лондоннан бастап Дубай, Гонконг пен Сингапурге дейінгі озық қаржы орталықтарының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бір алаңда айрықша құқықтық режиммен реттелетін қаржы нарықтарын шоғырландыру ісі – қаржы секторына да, бүкіл экономикаға да күшті үрдіс береді.



Сурет: Life.ru
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді