Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оқу-ағарту министрлігіне азық-түлік жеткізушілеріне MektepMenu-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша негізсіз шарттар жасасу тәжірибесін жоюды ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Жеткізушілер Бөлшек сауда және тамақтану қауымдастығымен бірге аталған мәселені көтерді.
Өтініштің мәні Kundelik ақпараттық жүйесімен біріктірілген MektepMenu порталында «мәзір мен тағамдар» фотосуреттерін орналастыру үшін негізсіз ақы алу болды.
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығына сәйкес мектептер тамақтану мәзірін сайтқа жариялау керек. Оқу-ағарту министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес осы ақпараттарды интернет-ресурстарында (Instagram, Facebook, Kundelik, Bilimal) тегін негізде орналастыруға болады.Бірақ 2022 жылдың қараша айынан бастап Білім басқармасының ұсынысы бойынша азық-түлік жеткізушілері «NetInfoDistribution» компаниясымен шарт жасасып, мәзірді MektepMenu порталында ақылы негізде жариялай бастады.
Жеткізушілер мұндай қызметтерге ақы төлеу қосымша шығын екенін және ата-аналарға ауыртпашылық түсетінін атап өтті.Астаналық Антикор департаменті елордалық 94 мектепті тамақпен қамтамасыз ететін 12 жеткізушіні анықтады. MektepMenu-ға қол жеткізу үшін оларға 2,5 млн теңгеден астам қаражат төленген.7 өңірде осыған ұқсас фактілер 405 мектеппен жұмыс істейтін 117 жеткізуші анықталды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оқу-ағарту министрлігінің, Білім басқармасының, «Kundelik» ЖШС және «NetInfoDistribution» өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелерде тамақтану мәзірін тегін орналастыруды қайта бастау туралы шешім қабылданды. «NetInfoDistribution» ЖШС-мен жеткізушілердің шарттары бұзылды.
Алайда, мемлекеттік сатып алу порталының кейінгі мониторингі мектеп мекемелерінің MektepMenu порталына қол жеткізуде қызметтер көрсету бойынша конкурс өткізе бастағанын және NetInfoDistribution-мен шарттар жасаса бастағанын көрсетті. Мәселен, елордалық Антикор Білім басқармасымен қайта кездесу өткізіп, үшінші тұлғаларды тартпай тегін негізде тамақтану туралы ақпаратты орналастыруды ұсынды.Нәтижесінде конкурстар жойылып, шарттар бұзылды. 5,5 млн теңгені тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.Осындай фактілер 13 млн теңгеден астам сомаға еліміздің 169 мектебінде (Шымкент қ., Алматы қ., Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Абай, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары) анықталды.
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оқу-ағарту министрлігіне Kundelik порталында оқушылардың тамақтану мәзірін делдал компанияларсыз тегін орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету жөнінде хат жолдады. Себебі, үшінші тұлғаларды тарту негізсіз шығындар мен бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеп соғады.Сонымен қатар, Антикор аумақтық департаменттеріне MektepMenu қызметтеріне мемлекеттік сатып алулардың күшін жоюды бақылау тапсырылды.
Егер Сіз немесе Сіздің таныстарыңыз, парасатты бизнеспен айналыссаңыздар және әртүрлі әкімшілік кедергілерге тап болсаңыздар, 1424 нөмірі бойынша Антикордың Call-орталығына шұғыл хабарлауды немесе тұрғылықты жеріңізге жақын Антикор орталығына баруды сұраймыз.