Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҰҚК ауқымды қылмыстық іс мәлім етті

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 фигурантқа қатысты ауқымды қылмыстық іс жайлы айтты. Істің мән-жайын ведомство толығырақ ресми сайтында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz 

ҰҚК-нің мәліметінше, ведомство 2022 жылдың шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтаған.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам (оның ішінде шетелдік азаматтар бар - ред.) және 500-ге жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылғаны анықталған. 5 желтоқсанында Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында осы іске қатысы бар деген күдікке ілінген 20 фигурантқа сот үкімі шыққан. Олар Қылмыстық кодекстің 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, әр түрлі мерзімге сотталған. Ведомствоның хабарлауынша, аталған қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берген.

"Жалпы алғанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасалды", - дейді ведомство өкілдері.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған бағыттағы жұмыс жалғасатынын жеткізді. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады