Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек импорты көлемі 17%-ға, ақшалай түрде 26%-ға өсті

Биылғы қаңтар–қазан айларында елімізде 112 млрд теңгенің дәрі өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,2% аз, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Өңірлер бойынша ең көп өнім Шымкентке тиесілі: 46 млрд теңге, былтырғыдан 10,3% көбейген. Одан кейін Алматы облысы (31,1 млрд теңге, былтырғыдан 23,4% көп) және Алматы (16,2 млрд теңге, 7,7% көп).


Биылғы қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша, елімізге 1 млрд АҚШ долларына 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Физикалық мәндегі өсім 17,3%-ды, ақшалай түрде 25,8%-ды құрады. ТМД елдерінен 101,3 млн АҚШ долларына 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорттың негізгі көлемі Ресейден келді: 4,6 мың тонна, былтырғыдан 16,6%-ға аз. Импорт бойынша одан кейін Беларусь пен Украина. ТМД-ға кірмейтін елдерден Қазақстан 900 млн АҚШ долларына 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Мұнда негізгі экспорттаушы ел Қытай: 2,6 мың тонна, былтырғыдан 2,1 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан да кірді.


Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 13,3% өскен. Баға ең көп Алматы қаласында өсті: 17,5%. Одан кейін Маңғыстау (17,1%), Ақтөбе (16,7%), Жетісу (16,2%) және Жамбыл (14,4%) облыстары. Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: «бар болғаны» 8,9%.


Еске салайық: Үкімет қаулысына сәйкес, биылғы 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмектің 90 түрі міндетті түрде таңбаланады. Дәрі өндірушілер таңбалауды 2025 жылға дейін шегеруді сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Фармацевтикалық компаниялар инфрақұрылым дайын емес деп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі