Экологиялық қылмыстар қоршаған ортаға зиян келтіретін заңсыз келісімдерден ақша табуға болатын жерде болады. БҰҰ мәліметінше, экологиялық қылмыстар атыс қаруының заңсыз айналымынан да асып кетеді. Оның құны шамамен 3 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл есірткі контрабандасынан, жалған ақша жасаудан және адам саудасынан кейінгі әлемдегі төртінші ең үлкен қылмыстық әрекет, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Экологиялық қылмыстардың салдарынан жоғалған қаражат (барлығы 20–30 млн АҚШ доллары) халықаралық агенттіктердің олармен күресу үшін жұмсаған ақшасынан 10 мың есе көп.
Мәселе әсіресе билік органдары табиғи ресурстарды пайдалануды реттей алмайтын дамушы елдерде өте өткір. Сонымен қатар, экологиялық қылмысқа реакция көбіне, мысалы, сирек кездесетін жануарлар ұсталып, өлтірілген немесе өсімдіктер жойылғаннан кейін ғана қолға алынады.
Мәселен, биыл тамызда Астананың үш тұрғыны 43 кило киік мүйізін сатқаны үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олардың қылмысынан мемлекетке 312 млн теңгеден астам шығын келген.
2017 жылдың басынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанда жыл сайын 1,1 мыңға жуық экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Олардың саны жыл өткен сайын азайып келе жатқанымен, елге келтіретін қаржылық шығын артып келеді. Өткен жылы экологиялық құқық бұзушылықтардан Қазақстанға 5,3 млрд теңге шығын әкелді, бұл 2017 жылдан бергі рекордтық сома.
Экологиялық құқық бұзушылықтар — бұл экожүйеге зиян келтіретін, аурулардың, экологиялық апаттардың және жануарлар дүниесінің нашарлауының қаупін арттыратын заңсыз әрекеттер. ҚР ҚК жиырма бір бапта экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері, оның ішінде жерге зиян келтіру, теңізді ластау, заңсыз аң аулау, жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану және т. б. аталады.
Қылмыстың ең көп тараған екі түрі:
• сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе туындыларымен заңсыз жұмыс істеу (339-бап);
• балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру (335-бап).
2021 жылы олар барлық қылмыстық экологиялық құқық бұзушылықтардың 62,8%-ын, ал биылғы тоғыз айда 56,1%-ын құраған.
Мәселен, биыл қыркүйек айында Түркістан облысының полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында Шардара су қоймасында гарпунды пайдаланып заңсыз балық аулаған екі жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Forbes. Браконьерлерден 100 килоға жуық балық, үш гарпун және екі су костюмі тәркіленді. Жалпы биылғы сегіз айда бір ғана осы өңірде полицейлер браконьерлерден 3 тоннаға жуық балық тәркілеген. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балық аулау ережесін бұзған 360-тан астам азаматты жауапқа тартып, жалпы сомасы 5,5 млн теңгеге жуық айыппұл салды.
Жақсы ұйымдасқан қылмыстық топтар қоршаған ортаны заңсыз пайдалануды кәсіпқой әрі табысты кәсіпке айналдырды. Бұл өз кезегінде ұлттық саябақтардағы жойылып бара жатқан және қорғалатын жануарлар түрлерінің санының азаюына әкеледі.
2017 жылдан бастап құқық бұзушылар Қазақстанға жыл сайын орта есеппен 3,5 млрд теңге көлемінде — мемлекеттің өзіне де, заңды және жеке тұлғаларға да зиян келтіреді.
Алайда, кінәлілер шығынның орнын толтырып, қазынаны толтыруға асықпайды. Мәселен, соңғы бес жылда орта есеппен тәртіп бұзушылар жылына небәрі 676,5 млн теңгені немесе жалпы залалдың 19%-ын ғана өтеген. Бұған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, сондай-ақ сотқа жіберілген істер бойынша келтірілген залалды өтеу де кіреді.