Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО әкімі тұрғындарды өңірді көркейту үшін тың идея ұсынуға болатынын жеткізді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев Facebook-тегі парақшасында 2023 жылға арналған бюджетті жасақтау үшін тұрғындарды тың идея ұсынуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Облыс басшысы жерлестерінен бюджетке енгізіліп қойған жоспардан бөлек, тың идеялар күтетінін жеткізді. "Бүгінгі таңда 2023 жылға арналған бюджет жасақталу үстінде. Осыған орай, мен сіздерден туған өлкемізді көркейтуге бағытталған тың ұсыныстар мен жасампаз идеялар күтемін. Бұл жол салу, көшелерді жарықтандыру сияқты жыл сайынғы бюджетке енгізілген ұсыныстар болмауы тиіс", - дейді Ғали Исқалиев. 

Сондай-ақ өңір әкімі жол бойындағы дәретханалар, Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласына кіреберістегі белгілер, тарихи ғимараттарды қалпына келтіру, көше өнерін дамыту, дәстүрлі фестиваль өткізу, мүгедек адамдар жолындағы кедергілерді жою сияқты облыс тұрғындары үшін маңызды жобалар да барын атап өтті. "Жинақталған идеялардың бюджеті анықталып, облыс тұрғындарының талқылауына және дауыс беру арқылы таңдауына ұсынылады. Бір немесе бірнеше идеялардың жалпы бюджеті шамамен 500 млн теңгеге дейін болады", - дейді Ғали Исқалиев. 

Сонымен қатар облыс әкімі бұрын белгіленген халықтық бюджетке сәйкес сметалық есептер аяқталып жатқанын да айта кетті. Ал жаяу жүргіншілер өткелдеріне 180 шам орнатуды биылғы жылдың қазан айында бастау жоспарланған. "Осы форматтағы жұмыстарды әлі де жалғастыруды көздеп отырғанымызды айтқым келеді. Ұсыныстарыңызды пост астына жазба ретінде қалдыруларыңызды сұраймын", - дейді БҚО әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты