Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҰҰ алаңында гендерлік сұрақтар бойынша тәжірибе алмасу болып өтті

«Қазақстанда 106 ҮЕҰ гендерлік және отбасылық саясат мәселелерін шешумен тікелей айналысады», деді ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.Байманов, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Пандемиядан кейінгі әлемдегі гендерлік теңдік мәселелері, гендерлік саясат және Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша сұрақтар SPECA жұмыс тобы өткізген онлайн-отырыстың басты тақырыбы болды.

Онлайн-отырысқа Қазақстанның, Әзірбайжанның, Түркіменстанның, Қырғыз Республикасының және Өзбекстанның мемлекеттік органдарының, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК, БҰҰ АТМЭӘК, халықаралық ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Қатысушылар арасында COVID-19 пандемиясы кезінде саяси ден қою шараларын қабылдау мәселелері бойынша, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласында пайдалы тәжірибе алмасу болды.

Онлайн-отырысқа ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысты. Ол Қазақстандағы Отбасылық-гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының ерекшеліктері және оны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы айтып берді. Тұжырымдама Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылады. Ш.Байманов Министрлік БҰҰ - әйелдермен бірлесіп, 2022-2024 жылдары Қазақстандағы барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Мәселен, отбасылық-гендерлік саясатты іске асыруға азаматтық секторды белсенді түрде тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір Қазақстанның ҮЕҰ Дерекқорында гендерлік және отбасылық саясат мәселелерін шешумен тікелей айналысатын 106 ҮЕҰ тіркелген.

Сонымен қатар, отырыс барысында қатысушыларға БҰҰ ЕЭК және АТМЭӘК-тің тұрақты даму және гендерлік мәселелер жөніндегі бөлімі 2021 жылғы 15-17 қараша аралығында Ташкентте (Өзбекстан) гендерлік мәселелер жөнінде кеңес өткізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланды.

Анықтама ретінде: SPECA Тұрақты даму саласындағы гендер және мақсаттар бойынша жұмыс тобы – Орталық Азия экономикасына арналған БҰҰ Арнайы бағдарламасының басқару құрылымындағы көмекші органдардың бірі болып табылады.

БҰҰ ЕЭК – БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы.

АТМЭӘК – Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді