Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ұзындығы 1,4 шақырым болатын мұз айдыны ашылады

Астанада ұзындығы 1,4 шақырым болатын мұз айдыны ашылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы Желілік саябақ аумағында көпшілікке коньки тебуге, отбасылық демалыс пен қысқы ойын-сауыққа арналған жаңа кеңістік – ASTANA WINTER PARK / MEGAICE жобасы іске асырылып жатыр. Мұз айдыны саябағының ашылуы 15 қарашаға жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұз айдынының жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді, ал мұз жолының ұзындығы 1 400 метрді құрайды.

Дәстүрлі мұз айдындарынан ерекшелігі, жаңа кеңістікте ұзын мұз жолдары, демалыс аймақтары, мерекелік жарықтандыру және келушілердің уақытын жайлы өткізуіне қажетті инфрақұрылым қарастырылады.

Келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жылы павильондар, конькиді жалға беру пункттері, отбасылық демалыс аймақтары мен қоғамдық тамақтану орындары ашылады.

Мұз жабынының сапасын сақтау үшін кәсіби тоңазытқыш жабдықтарын, арнайы мұз құятын техникаларды және заманауи инженерлік жүйелерді пайдалану көзделген.

Сонымен қатар мұз бетінде түрлі визуалды әсерлер жасауға мүмкіндік беретін жарық және интерактивті технологияларды енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жоба жеке инвестициялар тарту және мұз инфрақұрылымын құру саласындағы халықаралық тәжірибені пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Мұз айдыны саябағының алғашқы маусымы 2027 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды