Түркістан облысының 912 087 тұрғыны жалпыұлттық халық санағынан онлайн режимде өтті. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 44,2%-ды құрады. Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Облыс басшысы Ұлттық халық санақтың аса маңызды саяси науқан екенін айтып, жауапты тұлғаларға бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды. 1 қазаннан бастап санақтың дәстүрлі жаппай аралау әдісімен жүргізілетін кезеңі басталды. Онлайн санақтан өту уақыты 15 қазанға дейін болады. Бұл іске 2384 адам тартылды. Олар екпе қабылдаған. Аудандарда қажетті жабдықтармен және тиісті жабық байланыс арналарымен қамтамасыз етілген 341 нұсқаушылық учаскілері ұйымдастырылды.
Апталық мәжілісте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру жұмыстары туралы баяндалды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда облыстағы тұрақтандыру қорында құны 544,1 млн. теңгені құрайтын 5 791,5 тн. тауар бар.
Тұрақтандыру қорының қоймаларында халық көп тұтынатын 81,4 тн. азық-түлік, көкөніс түрлері сақтаулы. Жыл басында тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында 595,8 тонна азық-түлік тауарлары (макарон өнімдері - 55 тн, ұн - 87 тн, қырыққабат - 142 тн., күріш - 243,8 тн, күнбағыс майы – 20 л, құмшекер – 48 тн.) сатып алынды.
Бұдан бөлек, жыл басынан Түркістан қаласында жаңадан ашылған «Эко базар» аумағында 10 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 367,8 млн. теңге сомасына 732 тонна тауарлар нарық бағасынан 15-20 %-ға төмен бағамен сатылымға шығарылды. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы 13 әлеуметтік дүкендер мен 5 ірі сауда үйлері арқылы күнделікті 3,5 тонна 17 түрлі тауарлар белгіленген бағада тұрғындарға сатылуда. Жыл соңына дейін Түркістан қаласында қосымша 2 бірлік әлеуметтік дүкендер ашу жоспарланып.
Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың 16 түрі өңірде өндіріледі. Тұтыну нормасына сәйкес, бұл өнімдермен облыс халқы артығымен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда картоп, сәбізден 1,5 есе, пиязбен 3,1 есе, қырыққабатпен 4,2 есе және етпен етімен 1,5 есе, сүтпен 7 есе. Ал тек құс етімен 26,4% жұмыртқамен қамтамасыз ету көлемі 41% құрайды. Халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз ету мәселесі барлық аудан, қала басшыларына жүктелген.