Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Словак Республикасының Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады

Словак Республикасының Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Словак Республикасының Қазақстанға  жаңадан тағайындалған Елшісі Любомир Регактан сенім грамотасының көшірмесін қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А. Исетов словак дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі Қазақстан мен Словакия арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты  ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогтың жоғары деңгейін және  сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ  бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға өзара мүдделілікті атап өтті.

Елші Л. Регак жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Астана мен Братислава арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға күш-жігерін салатынын жеткізді.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді