Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Коммуналдық төлемдер қазақстандықтардың «қалтасына» қаншалықты әсер етеді?

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында орташа айлық атаулы жалақы 251,5 мың теңгені құрады — бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға жоғары. Инфляцияның ескерілуімен жалақылардың сатып алу қабілетінің шынайы өсімі 10,4% құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сатып алу қабілетінің өсуі, соның ішінде, коммуналдық қызметтердің едәуір қолжетімді бағасына да байланысты. Сөйтіп, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге бағалардың жылдық өсімі небәрі 3,5% құрады; оның ішінде тарифтері мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің қымбаттауы — небәрі 3%. Анықтама үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге бағалардың жылдық өсімі 1,7% құрады, оның ішінде реттелетін — 0,2%; өткен жылдың соңғы тоқсанында коммуналдық қызметтердің жалпы қымбаттауы 2,8% құраған еді, реттелетін — 1,7% (салыстыру үшін: реттелмейтін — 5,1%).       

Тұтас алғанда, 2021 жылдың екінші тоқсанында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлеріне тарифтердің жылдық өсімі жиынтықта 5,4% құрады. Мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің арасында елеулі түрде суық судың қымбаттағаны байқалады (бір жыл ішінде 5,7%). Сонымен бірге, мысалға, газдың құны небәрі 0,9% ғана өссе, жылу, керісінше, 0,9% арзандады. Салыстыру үшін: мемлекетпен реттелмейтін тұрғын үй қызметтерінің арасында қоқыс шығару бір жыл ішінде бірден 15,8%, домофон — 3,3%, тұрғын үй орынжайларына қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер — 7,3%, тұрғын үй орынжайларына қызмет көрсету және жөндеу үшін материалдар — 7,3% қымбаттады. 

Мәлімет үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жалақының өсімі 15,2% құрады, инфляцияның ескерілуімен сатып алу қабілеті — 1,7%, ал тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлеріне бағалардың өсуі — 3,6% құрады. 

 

Атап өту керек: тұрғын үй және коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі жиынтықта — мемлекетпен реттелетін, сондай-ақ реттелмейтін де — үнемі дерлік жалақы өсімінен едәуір төмен болатын. Сөйтіп, ағымдағы жылы екінші тоқсанның қорытындылары бойынша жалақының өсуі «коммуналкаға» тарифтердің өсімінен 3,4 есе оза түсті, ал бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша — бірден 4,2 есе.  

Одан бөлек, 2019 жылы және «коронадағдарыстық» 2020 жылдың бірінші жартысында, ҚР халқы үшін аса ауыр кезеңде, жалақы өскен сайын, тұрғын үй және коммуналдық қызметтерге тарифтер, керісінше, төмендетілді. 

 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді