Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әли Ханалиұлы 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында "ЦСКА-Қайрат", "Қайрат", "Ертіс", "Тобыл", "Шығыс", "Ордабасы" және "Қызылжар" клубтарында ойнады. Сондай-ақ Түркияның "Акчаабат Себатспор", "Кайсери Эрджиеспор", "Карталспор" және "Диарбакырспор" командаларында өнер көрсеткен.

1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында алғашқы матчын 2002 жылы Эстонияға қарсы өткізді.

Бапкерлік мансабын 2014 жылы "Ордабасы" сапында ойыншы әрі бапкер ретінде бастады. 2018 жылы футболшы мансабын аяқтаған соң Петропавлдың "Қызылжар" клубының тізгінін ұстап, Премьер-лигаға шығарды.

2021 жылы Әлиев Қарағандының "Шахтер" клубында бас бапкер болып жұмыс істеп, кейін "Астана" ФК жастар командасын басқарды.

2022 жылы "Жеңіс" командасын жаттықтырып, содан кейін қайтадан "Қызылжарға" оралды. Әли Әлиевтің жетекшілігімен петропавлдық клуб УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына дейін жетті.

Айта кетейік, Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов бас бапкердің көмекшісі болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді