Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында өткен жылы заңсыз айналымнан 400 келіге жуық есірткі тәркіленді

Түркістан облысында өткен жылы заңсыз айналымнан 400 келіге жуық есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Полиция Түркістан облысының аумағында "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын" іске асыру аясында басқа құзыретті органдармен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде облыс полицейлері 665 есірткі қылмысының жолын кесіп, заңсыз айналымнан 400 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі.

Мәселен, жедел уәкілдер Ордабасы ауданында медициналық мекеменің күзетшісін ұстады. Оның көлігінен 2400-ден астам Трамадол таблеткасы тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал жыл басынан бері заңсыз айналымнан 4 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Яғни полиция "синтетиканың" 8700 дозасының таралуына жол бермеді.

Полицейлер интернет желісіне мониторинг жүргізу барысында "киберқадағалау" жүйесінің көмегімен 153 есірткі сайтын анықтап, бұғаттады. Айта кетсек, қылмыскерлер көбінесе тыйым салынған заттарды тарату үшін Telegram-да немесе түрлі сайттарда чат-боттар арқылы жұмыс ұсынады.

Жастар "жеңіл ақшаға" үміттеніп, есірткі таратушылардың тұзағына түседі, соңында жауапқа тартылуда. Осы ретте полиция есірткіні жасырын қойып кетті деген күдікпен 30-дан астам жасты ұстады.

Тәртіп сақшылары нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-шараларды үздіксіз ұйымдастыруда. Республика бойынша полицияның бастамасы бойынша "Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні" сияқты 7 мыңнан астам іс-шара мен акция өткізіледі.

Іс-шара барысында облыс полицейлері белгілі спортшылар, әншілер, қоғам қайраткерлері және халық қалаулыларын қатыстырып, дене саулығын сақтауға және есірткіден бас тартуға шақырып, түрлі форумдар мен челлендждер жасауда. Оған 50 мыңнан астам студент пен жергілікті тұрғын қатысты. Бұл бағыттағы полиция жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Полицейлер нашақорлықтың алдын алу мен есірткі қылмысына қарсы күрес бірлескен күш-жігерді қажет ететінін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты