Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Заң шығару рәсімдері талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Заң шығару рәсімдері талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты заңнамалық қызметті іске асыру кезінде Парламент палаталарымен өзара іс-қимылды жақсарту үшін жүйелі сипаттағы бірқатар шаралар қабылдайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (04.10.2024 жылғы № 822) Үкіметтің Регламентіне мемлекеттік органдардың заң шығару рәсімдері талаптарын сақтауын, оның ішінде мемлекеттік органдар басшыларының әзірленіп жатқан заң жобаларының сапасы үшін дербес жауапкершілігі бөлігінде бақылау жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған жаңа өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті тиісті заңнамалық актіге қол қойғаннан кейін ғана тапсырмаларды бақылаудан алу жолымен Парламенттің қарауындағы заң жобаларына Үкіметтің келісілген ұстанымы тәртібімен енгізілген заңнамалық тапсырмалардың нақты орындалуына қатаң бақылау белгіленді.

Сонымен қатар Үкімет Аппараты депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына және Парламент палаталарының қарауындағы заң жобаларына түзетулерге Үкімет қорытындыларын дайындау және уақтылы ұсынбау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Үкімет Аппаратының мүдделі мемлекеттік органдары мен салалық бөлімдері басшылығының қатысуымен өткен кезекті кеңесте Үкіметтің Парламенттегі өкілі Ермек Аманшаев Үкімет қорытындыларын қарау мерзімдерін бұзудың теріс тәжірибесі заң шығару қызметі процесін тікелей кешіктіретінін атап өтті.

Кездесу барысында жұмыс істеп тұрған Үкімет қорытындыларының жобаларының ағымдағы жағдайы талданды, проблемалық мәселелер қаралды және оларды шешу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ Парламент Мәжілісіне норма шығарудың өзекті мәселелеріне қатысты ұсыныстар жолданды. Осы жұмыстың жалғасы ретінде заңнамалық актілер мен халықаралық шарттар бойынша терминдердің бірыңғай сөздігі әзірленеді. Бұл мемлекеттік тілдегі терминдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдарды норма шығару процесінде қолданған кезде олардың «институционалдық жадын» қалыптастыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді