Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе және Қостанай облыстарында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу алаңдары ұлғайтылады

Ақтөбе және Қостанай облыстарында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу алаңдары ұлғайтылады
Фото: primeminister.kz

Бүгінгі таңда химиялық өңдеу жоспарланған 2,5 млн га аумақтың 2,3 млн гектарында қорғау іс-шаралары аяқталды. Ақтөбе облысында болжанған көлемнің 81%-ы, ал Қостанай облысында 87%-ы өңделді. Алайда, бұл өңірлердегі жағдай әлі де күрделі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұл туралы Шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын жүргізу және карантиндік объектілер мәселелері жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді.

«Ұзаққа созылған жауын-шашын мен қатты жел химиялық өңдеуді уақытылы әрі оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік бермеді. Сондықтан өңдеу алаңын ұлғайту ықтималдығы бар. Жергілікті жерлерде қосымша техниканы жұмылдыруды жоспарлап отырмыз. Препараттар жеткілікті көлемде бар», — деді Дархан Әбдікәрімов.

Ақтөбе және Қостанай облыстарына Ресей Федерациясының аумағынан зиянкестердің ұшып келу қаупі бар шекара маңындағы аумақтардағы жағдай тұрақты бақылауға алынған.

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында шегірткеден қорғау шаралары толығымен аяқталғаны туралы ақпарат берілді.

Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Жиын соңында вице-премьер Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы мониторингтік зерттеулер қарқынын бәсеңдетпеуді, өңірлерді қосымша техникамен нығайтуды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты