Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

КТК мектеп командасы мінген автобус апатқа ұшырады: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

КТК мектеп командасы мінген автобус апатқа ұшырады: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты
Фото: primeminister.kz

Ақмола облысындағы Көкшетау-Атбасар тас жолында балалар мінген шағын автобус апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі қаза тауып, 15 адам зардап шекті, оның 8-і балалар. Дәрігерлер зардап шеккен мектеп оқушыларының жағдайы тұрақты екенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 4 ақпанында болған.

Дәрігерлер зардап шеккендердің барлығы бірден Сандықтау аудандық ауруханасына жеткізілгенін түсіндірді. Тексеруден кейін ауыр жарақат алған төрт науқас санитарлық авиациямен көпсалалы облыстық ауруханаға жіберілді.

Екі баланың жақ сүйегінің сынуы анықталды.

"Екі бала мен бір ересек адам жеңіл жарақат алды. Сондықтан олар дереу үйлеріне шығарылды. Біздің Сандықтау аудандық ауруханасында тағы бес адам, оның ішінде үш бала ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, барлығы дәрігерлердің бақылауында. Қалған екі ересек пен екеуін балаларды облыстық ауруханаға жібердік".Жандос Маханов, Сандықтау аудандық ауруханасының бас дәрігері

Білім басқармасы 24.kz тілшісіне ішкі тексеруді бастағанын айтты.

Белгілі болғандай, мектеп оқушыларының КТК командасы облыс орталығындағы турнирге маршруттық автобуспен аттанған. Бұл ретте балаларды тек білім беру ұйымдарының көлігімен және әрқашан полицияның патрульдік көліктерінің сүйемелдеуімен тасымалдауға болады.

"Есіл ауданының білім бөлімі қазір бізге неліктен қарапайым автобусқа балалалрды мінгізіп жібергенін түсіндіріп жазып жатыр.Біз балаларды жол полициясы қызметкерлерінің сүйемелдеуімен автобустарымыз бен газельдерімізбен тасымалдау алгоритмін жасадық.Бірақ қандай да бір себептермен бұл орындалмады. Балаларды тиісті тәртіпте тасымалдауға шара қолданбаған мектеп директорлары, білім бөлімінің басшысы сөгіспен қатар, жұмыстан шығарылады".Шоқан Оразалин, білім басқармасының басшысы

Сөз соңында шенеуніктер қазір жағдай қолайсыз болса немесе көлік болмаса, мұндай шаралар кейінге шегерілетінін баса айтты.

Осы кезде Түркістан облысындағы мектепте жаппай улану орын алды: директор жұмыстан шеттетілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді