Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда жұмысшылар мінген автобус аударылып, 16 адам зардап шекті

Бәйет ауылының маңында жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Оқиға орнына дәрігерлер жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, автобус Павлодар - Нұрсұлтан тас жолының 139-шақырымында апатқа ұшыраған. 40 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, автобус жыраға аударылып кетті. Оған Павлодардан Атырау қаласына шыққан вахталық әдіспен жұмыс істейтін мамандардың мінгені белгілі болды.

"Оқиға орнында полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеді. Медициналық көмекке 16 адам жүгінді", - деді ведомство.
 
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің 19-53 жас аралығындағы ер адамдар екенін хабарлады. Олар дене жарақаттары, мидың шайқалуы, түрлі ауырсынулармен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілген. Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысындағы тас жолда бес адамның өмірін қиған жол апатының болғанын жазған едік. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады