Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

100 млн теңге шығын: елордада ірі пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды

100 млн теңге шығын: елордада ірі пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Елорда полициясы тұрғынға 100 млн теңгеден астам шығын келтірген ірі пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды. Күдіктілердің екеуі ұсталып, біреуі іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада Сарыарқа ауданының полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында ірі пәтер ұрлығына қатысты деген күдікпен 46 және 60 жастағы екі ер адамды анықтады. Күдіктілер ұсталғаннан бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, пәтерінен 4 швейцариялық сағат, 2200 АҚШ доллары және 650 мың теңге ұрланғанын хабарлаған. Ер адам келтірілген материалдық шығынды 101 миллион теңгеден астам деп бағалаған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол сағаттың жоғалып кеткенін Алматы қаласына 10 күннен астам сапарында болып, келген соң білген. Келгеннен кейін киім ауыстыратын бөлмеде заттарды сұрыптап жатқанда, ол ашылған сейфті көрген. Онда құны 110 мың АҚШ доллары тұратын Breguet Tourbillon, әрқайсысы 55 мың АҚШ доллары тұратын Franck Muller, мен Daniel Roth және 1000 АҚШ доллары тұратын Rado сағаттарының қолды болғанын аңғарған. Сонымен қатар сейфте тұрған 650 мың теңге мен 2200 АҚШ доллары да ұрланғанын білген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер ұрылардың ізіне түсіп, оларды тапқан. Белгілі болғандай олар пәтердің иесі жоқ екенін біліп, үй-жайға кілттерді таңдау арқылы кіргені анықталған.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, ұрланған құнды заттар жартылай тәркіленді. Олар Шымкент қаласындағы базарда Breguet Tourbillon сағатын бұзып, алтын бөлшектерін белгісіз әйелге сатып жібергені де белгілі болған. Жедел қызметкерлер күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында құлыптарды ашуға арналған құрылғылар мен негізгі ашқан кілттерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта топтың үшінші мүшесінің тұрған жерін анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстары жалғасуда. Ұсталғандар Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты