Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Мұқият болуды сұраймыз". Оқу-ағарту министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі ресми аккаунтында мұғалімдерді марапаттауға қатысты маңызды мәлімдеме жариялады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік білім беру саласының педагогтері мен қызметкерлерін көтермелеу жүйесіне мыналар кіретінін еске салды:

  • "Оқу-ағарту министрінің Алғысы";
  • "Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасы";
  • "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың үздігі" құрметті дипломы;
  • "Орта білім беру ісінің үздігі" құрметті дипломы;
  • "Қосымша білім берудің үздігі" құрметті дипломы;
  • "Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі" құрметті дипломы;
  • "Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметі"құрметті дипломы;
  • "Ы. Алтынсарин" төс белгісі;
  • "Білім беру ісінің құрметті қызметкері"төс белгісі;
  • "Мейірім - әлемге махаббат" медалі;
  • "Еңбек ардагері" медалі.

Министрлік мәліметінше, ведомстволық наградалармен көтермелеуге ұсынымды өңірлік білім басқармалары жанындағы "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін көтермелеулермен марапаттауға материалдар енгізу жөніндегі комиссия" енгізеді.

"Көтермелеуге кандидаттардың құжаттары салалық көтермелеу жүйесінің 6-қосымшасына сәйкес жұмыс көрсеткіштеріне сәйкес қаралады: жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, педагог пен оның оқушыларының жетістіктері және т.б. марапаттау балдарды есептеу негізінде жүзеге асырылады. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша министрлік комиссиясы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Әрбір көтермелеудің сәйкестендіру нөмірі болады, ҚР Оқу-ағарту министрінің мөрімен және қолымен бекітіледі.Осылайша, көтермелеудің өзге түрлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларына жатпайды", - делінген хабарламада.

Көтермелеуге ұсыныстар "Республика күні" ұлттық мереке, "Мұғалім күні" кәсіби мереке, "Халықаралық балаларды қорғау күні" халықаралық мереке, "Білім күні" мереке күні, мерейтойлық күндер мен білім беру саласындағы өзге де еңбегі үшін мерекелерге қарай қаралады.

"Әр түрлі бейресми марапаттар мен атақтардың жиілеп кетуіне байланысты мұқият болуды сұраймыз. Мемлекеттік наградалар туралы барлық ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сайтында орналастырылған".

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді