Волгодонов селолық округінде Аршалы ауданы “Nur Otan” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қыдырбаева Т.Ұ округті жылдар бойы басқарып, әкімдік қызметте болған құрметті азаматы Көселбаев Жанат Дүйсембекұлына келіп, канвассинг кездесу өткізді. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының әлеуметтік саланы көтеру барысындағы басым бағыттарға тоқтала отырып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
“Мен Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы , Волгодонов орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ,қарапайым мұғалім ретінде еліміздегі ірі саяси оқиға 10 қаңтарында жоспарлаған сайлауға қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға сырт қарап,сыншы болмай, қайнаған тірлігіне араласып, қоғамға қызмет ету мақсатында үміткер ретінде тіркелдім.
Бұл додаға ұранды сөз,құрғақ уәдемен емес, білім беру жүйесі мен ұстаздар қауымына, ауыл халықына пайдасы тиер, қолымнан келер бір іспен болса да үлесімді қосқым келеді".
Саналы ұрпаққа берілген сапалы білім - болашақтың кепілі. Қазақстанның білім беру жүйесі үлкен өзгерістер мен тоқырауды бастан кешірді. Осынау еліміздегі сын сағатта білім беру жүйесіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу үшін, сапалы білім үшін күресуге және білім беру әлеуетін көтеруге;
Ауыл мектебінің заманауи жабдықталуы үшін жұмыстану.
"Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр мұғалімдікі" деп М. Жұмабаев айтып өткендей, мұғалім мәртебесінің жоғары болуына барынша ықпал етсем деймін.
"Nur Otan" партиясы Ауыл азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта "Ауыл - ел бесігі", "Құтты мекен", "Аймақтарды дамыту", "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", "Нұр-Сұлтан қаласының маңын дамыту" жобаларын іске асыру жалғасады. "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Бабатай-Волгодоновка жолының жөнделу мәселесін көтеру.
- 2022-2023 жылдары 6 ауылда (Жібек жолы, Волгодоновка, Разъезд, 42, Бабатай, Қойгелді, Қостомар), жалпы ұзындығы 50 км. кентішілік жолдарды жөндеуге қол жеткізу;
- 2021 жылы Бұлақсай ауылдық округінде "Ақ-қайын" демалыс аймағының құрылысы, 300 адамға, 200 жұмыс орнын құрумен;
"Nur Otan" партиясының міндеті ауданды тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету. "Nur Otan" партиясы қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының 2025 жылға 100% - ға дейін қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.
- 2023 жылы Бұлақсай ауылында 1 өрт сөндіру бекетін құру;
2025 жылы Бабатай станциясы, Волгодоновка, Қойгелді және Жалтыркөл ауылдарында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуды жүргізу.
Мен ынта-жігеріммен, бойымдағы тәжірбием мен білімімді алға қойған мақсаттарымның орындалуына жұмсаймын.
Менің мақсаттарым әрине сіз,халықтың қолдауымен жүзеге аспақ.
Қазіргі уақыт бос уәденің емес,тынымсыз еңбек пен нәтиженің уақыты. Осындай ұстаныммен өзімді қолдайтын халықтың игілігі үшін қызмет етіп жүрмін” деп округ дамуына қатысты мәселелерге барынша жан-жақты түсінік беріп өтті үміткер. Жанат Дүйсембекұлы үміткерге сәттілік тілеп, "Nur Otan" партиясының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен атқарған жұмыстарына өзінің жақсы бағасын берді.
"Nur Otan" партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.