Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде адамдарды құтқарды

Елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде адамдарды құтқарды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2023 жылғы 23 шілдеде сағат 21.57-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр алаңда 2 қабаттағы бөлмелердің бірінде өрт шыққаны анықталды.

Өрт тез таралды, жоғарыдағы бөлмелерді түтін басты.

Өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеді.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен үш иінді көтергіш арқылы 2 адам аман-есен құтқарылды.

Жатақхананың 60 тұрғыны эвакуацияланды.

Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді.

ТЖД күштерімен өрт 22.28-де оқшауланып, 22.48-де сөндірілді.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.  Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары, ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және өз өмірлеріңіз бен мүлкілеріңізді қорғауды ұсынады!

Ешбір адам өрттен сақтандырылмаған, сондықтан қауіпсіздік туралы алдын ала ойлану маңызды.  Тұрмыстық өрттердің алдын алу бағыттарының бірі оларды ерте анықтау болып табылады. Ол үшін арнайы дабыл құрылғылары – автономды өрт хабарлағыштары жасалады. Олардың басты мақсаты-өрттің болғанын анықтап, ол туралы хабарлау. Датчикті үйіңізге орнату арқылы сіз мүлікті ғана емес, өміріңізді де сақтайтыныңызға сенімді бола аласыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты