Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақ әдебиеті мен әуені әлемге қалай дәріптеліп жатыр?

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ әдебиеті мен әуенін сақтап қалу әрі оны өзге мемлекеттерге таныстыру мақсатында елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы қолға алынған еді. Бастама алдында қазақ мәдениетін әлем елдеріне таныстыру, әдебиет пен өнер, тарих, ұлттық музыка және т.б. салалардағы құнды туындыларды жинақтап, оларды жүйелеу мақсаты тұрды. Тарихи жоба қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосты ма? Бағдарлама арқылы ұлттық мұра қалай түгенделді? Жоба аясында бүгінге дейін қандай жұмыстар атқарылды? Осы және өзге де сауалдардың жауабын кезекті мақаладан білетін боласыздар.



Жоба аясында қандай туындылар іріктелді?


Қазақ мәдениетінің жауһарларын жинақтау әрі оларды жүйелеу жұмысына еліміздің егемендік жылдары қалыптасқан, түпнұсқалағымен айрықшаланатын, қазіргі қоғам талабына сай келетін қазақ мәдениетінің туындыларын жинау әрі жүйелеу ісі жатқызылды. Осылайша, әдебиет саласында 193 туынды, театр, кино және хореография саласынан 56 туынды, классикалық және дәстүрлі музыка саласында 66 орындаушы, бейнелеу өнері бойынша 177 туынды іріктелді.


Айта кетерлігі, аталған игі бастаманың барлығы 2017 жылы Париждегі UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесерін өткізу рәсімінен бастау алаған болатын. Дәл осы айтулы шарадан кейін, Қазақстан және әлем елдерінің азаматтарына қазақ мәдениетін насихаттайтын түрлі іс-шаралар қолға алына бастады.


Фото: azattyq-ruhy.kz 

Қазақ әдебиеті – ұлттың мәдениет жауһары


«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы жайлы сөз қозғағанда ең алдымен қазақ әдебиеті тақырыбына тоқталған жөн. Бұл ретте әлем елдеріне ұлттық әдебиетті таныту мақсатында, отандық ақын-жазушылардың шығармаларын өзге тілдерге аудару ісі қолға алынғанын атап өткен абзал. Мысалы, бастама аясында қазақ әдебиетінің бірқатар туындылары ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдеріне аударыла бастады. Дәлірек айтсақ, еліміздегі 60 ақын-жазушының 290 шығармасы  БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аударылды.

Қазақ прозасы мен поэзиясының қос томдық антологиясын басып шығаруға әлемдік беделді баспа ұйымдары, тәжірибелі мамандар мен әдебиетшілер, аудармашылар атсалысты. Жалпы бүгінге дейін қазақ әдебиеті туындылары 100 052 дана көлемінде басып шығарылып, дүниежүзінің 94 еліне жөнелтілді.


Бұдан бөлек, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері әлемнің 5 тіліне аударылып, арнайы жинақ болып шықты. Атап айтсақ, ұлы ойшылдың туындылары португал, поляк, малай және парсы тілдеріне аударылды.


Сол сияқты Түркия астанасы Анкарада «Түркі интеграциясының архитекторы» атты туындының тұсаукесері өтті. Оған Түркі кеңесі елдері басшыларының, шетелдік ғылым және мәдениет қайраткерлерінің зерттеулері енгізілді.


Бұдан бөлек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ел ішіндегі таланатты жастарды анықтау мақсатында «Рух» халықаралық әдебиет байқауы ұйымдастырылды.


Жоба жөнінде Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет: 


«Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі заман поэзиясы мен прозасын әлемге таныту жұмыстары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып келеді. Қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын әлемнің жетекші тілдеріне аударып, таныстыру тарихымызда алғаш рет. Елдің шығармаларын әлемнің алты бірдей тіліне аудару, ешбір мемлекетте бұрын-соңды кездеспеген. Еліміз үшін бұл жоба – жаңа бастама. Антологияның құрамына тәуелсіздік алған жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі ақын-жазушылардың шығармалары енді. Әр томда отыздан аса автор кездеседі. Алдағы жоспар, Қазақстан Жазушылар Одағының ұсынысы бойынша бес жыл көлемінде антологияның тағы екі том шығармаларын аудару», – деп атап өтті.


Фото: kaznews.kz

Ұлттық әуен қалай ұлықталып жатыр?


«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бірегей жобасы ұлттық әуенді қазақ және өзге елдердің азаматтарына танытуды ұмытпады. Мәселен, Қазақстанның классикалық әрі халық әуендерін өзге елдерге насихаттау мақсатында Еуропа және Азияның 10-нан астам елінде 7 үздік шығармашылық топтың гастрольдік сапары ұйымдастырылды.

          

Сол сияқты үздік қазақ әуендеріне сандық қолжетімділікті қамтамасыз ететін интернет-ресурс – «Dalatunes» жобасы іске қосылды. Аталған ресурс арқылы тек 2017 жылы ғана 13 000 музыкалық шығарма, 1,7 мың аккорд және 1,2 мың нота жүктелген болатын.

          

Сонымен қатар Dala sazy онлайн-радио жобасы қолға алынып, шетелдіктер мен қазақстандықтарға әртүрлі бағыттағы отандық музыка таныстырылды.

          

Ал, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестріне 85 жыл толуына орай, шығармашылық ұжым жоба аясында Ресей астанасы Мәскеуге және Санкт-Петербургке гастрольдік сапармен барып қайтты. Бұған қоса Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі Рим қаласында арнайы концерт өткізді. 

          

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық классикалық әуенді шетелдіктерге дәріптеу жұмысына да атсалысты. Мәселен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, «Абай» операсы шетелдік гастрольдік сапарға шығатын қойылымдардың қатарына енді.

          

Қорыта айтқанда, бүгінгі күнге дейін шетелдерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 100-ден астам түрлі іс-шара өткізілді. Олардың арасында өнер туындыларының, кітап және фотокөрмелер, мемлекетіміздің кешегісі мен бүгіні, тарихы, мәдениеті туралы фильмдердің көрсетілімі, көптеген шығармашылық ұжымдардың гастрольдік сапарлары мен концерттері, ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек үстел және т.б. бар.


Сонымен бірге шетелдік БАҚ беттерінде 100-ден аса түрлі мақала басылып шықты.


Бастама алдағы жылдары қазақ мәдениетінің жауһарларын Қазақстан және өзге елдердің азаматтарына таныстырып, насихаттауға әлі де талай үлес қосатынына сеніміміз мол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді