Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер көбейтіледі

Қазақстанда 1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер көбейтіледі
Фото: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға ұлғайтылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы санаттағы тұлғаларды қолдау шараларын күшейту қажеттігін осы жылдың 29 наурызында өткен VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында атап өтті. Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Мемлекет азаматтардың табысын арттыру бойынша іс-шараларды тұрақты негізде қабылдап келе жатқанын айта кету керек. Мысалы, биыл 1 қаңтардан бастап республикадағы ең төменгі еңбекақы мөлшері 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көбейтілді. Бұл экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер мен еңбек адамын қамтыды. Ең төменгі айлық көрсеткіші арқылы еңбекақы деңгейін белгілейтін ұйымдар біліктіліктің санат аралық жүйесін ескере отырып, өзге де санаттағы жұмысшылардың еңбекақысын өсіру жағына қарай қайта қарастырады. 

Биыл 4,4 млн адам алатын зейнетақы мен жәрдемақының барлық түрі қайта есептелді.

Сонымен қатар дәрігерлердің, мұғалімдердің, бюджеттік саланың басқа да қызметкерлері мен өндіріс жұмысшыларының жалақысын кезең-кезеңмен арттыруды және жоба ауқымын кеңейту бойынша 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тапты. Сондай-ақ шағын несиелерді қолжетімді ету арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жобаны кеңейту жұмыстары басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды