Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Министрлік ЖОО-ларда психологтарды даярлау бағдардамасына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр

Министрлік ЖОО-ларда психологтарды даярлау бағдардамасына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр
Фото: 24.kz

Бүгінде мектептердегі психологиялық қызметтің әлсіздігі айқын байқалып отыр. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан осылай мәлім етіп, мәселе көтерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Бүгінде мектептердегі психологиялық қызметтің әлсіздігі айқын байқалып отыр. Олардың (мамандардың – автор) саны жеткіліксіз. Бұдан бөлек, жыл сайын балалардың құқық бұзушылық жағадайының түр-сипаты өзгеруде. Бір құқық бұзушылық жағдай екінші оқиғаға ұқсамайды. Жаңа буллингтің, қатыгездіктің түрлері пайда болып жатыр. Бұл интернеттің ашықтығымен байланысты. Мамандардың біліктілігін арттыру күн тәртібінде тұр. Осыған байланысты білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің жаңа моделін қабылдау мәселесі өзекті. Қазір министрлік осы бағытта жұмыс жасауда. Оның ішінде жоғары оқу орындарында психолог мамандарды даярлау бағдардамасына да тиісті өзгерістер керек», - деді Еділ Оспан.

Оның пайымынша, балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құру маңызды. Бұл орайда ата-аналар өз перзенттерінің ғаламтордағы іс-әрекетіне бақылауды күшейту керек. Ол үшін вице-министр жағымсыз ақпараттарға шектеу қоятын мобильді қосымшалардыы қолдануды ұсынды.

Сондай-ақ, Еділ Оспан қазір түрлі мәселесі бар 6 мың бала мектепішілік есепке алынғанын айтты.

Бұған қоса, өткен жылы бала алдындағы ата-ана міндетін орындамаған 7 мыңнан аса адам жауапқа тартылғанын мәлім етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты