Елімізде ауқымы кең жобалардың бірі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Жоба аясында бүгінгі күнге дейін өңірлік маңызға ие нысандар саны 575-ке жетіп, елімізде ұмыт болып қалған тарихи және қасиетті орындар зерттеліп, зерделенді. Мамандардың пайымдауынша, алдағы уақытта бұл жоба тізімі әліде кеңейе түспек.
Осы орайда талай тарихты бауырына басқан Сыр еліндегі көне қасиетті орындар жоба тізіміне еніп отыр. Сол аталған қасиетті орындарға барып, арнайы әзірленген фоторепоржды назарларыңызға ұсынамыз.
Қызылорда облысында өткен күннің куәгеріне айналған қасиетті орын, өз архитектрурасымен және ерекше тарихымен көзге түсетін Христорс Спаситель шіркеуі. Көне сәулет құрылысының ірге тасы XIX ғасырда қаланған. Бұл шіркеудің салынуына 1855 жылы Перовск уағыздаушылары ерекше ықпал еткен. Осылайша аймақта дінді уағыздау мақсатында 1855 жылдың 13 қазан айында жылжымалы шіркеу пайдаланылған. Оның негізін салушы Поп Л.Гороховский болған.
Христорс Спаситель шіркеуі. Қызылорда қаласы, Тоқтыбаев көшесі 5 үй.
Ал қалалық аймақтағы христиан дінін ұстанатындар үшін тұрақты шіркеу 1863 жылы пайдалануға берілген. Іргесі саз балшықтан, төбесі киізбен жабылған шіркеу 1868 жылы қатты жауынның салдарынан құлап қалады. Кейін күйдірілген кірпіштен қаланған жаңа шіркеу пайдалануға беріледі. 1890 жылы орталық үкімет пен жергілікті орыс шаруларының қаражатына шіркеудің жаңа ғимараты тұрғызылып, 1896 жылы пайдалануға беріледі.
Христорс Спаситель шіркеуі. Қызылорда қаласы, Тоқтыбаев көшесі 5 үй.
1930 жылы саяси жағдайға байланысты шіркеу жабылып, қоныс аударғандарды қабылдайтын орын, одан кейін обсерватория орналасқан. 1982 жылдан бастап сәулет құрлысында тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасаған. Ал 1989 жылдың мамыр айында ғимарат православтық орыс шіркеуі ретінде қайта пайдалануға беріледі.
Христорс Спаситель шіркеуі. Қызылорда қаласы, Тоқтыбаев көшесі 5 үй.
Аталған ғимарат екі бөлікке бөлінген, біріншісі мінажат залы және кіреберіс. Бұл архетиктуралық нысан сол замандағы кең тараған ерекше жобалардың баламасы іспеттес. Осы ғимаратқа ұқсас шіркеулер Астрахан мен Ташкент қалаларында да кездеседі. Ерекше деп танылған қасиетті орын мемлекет қорғауына алынған.
Қалжан ахун мешіт-медресесі, Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан.
Аталған қасиетті нысан Қалжан ахун Бөлекбайұлының есімімен танымал. Ол діни қайраткер, діни білімі жоғары ғұлама ғалым болған. Қалжан ахун Хиуа хандығының кезінде діни мектепте білім алып, 1879 жылы Көкілташта білімін жалғастырған. Ол ширек ғасыр бойы Жалағаштағы өзінің атымен аталған мешітте имам болып қызмет жасаған. Бұл мешітті ол өзінің бұрын оқып, білім алған Көкілташ діни мектепбіне ұқсатып салғысы келген. Мешіттің сызбалық жобасын Бұхарадан жасатып, оның іргесін 1902 жылы қалаған.
Қалжан ахун мешіт-медресесі, Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан.
Іргесі XIX-XX ғасырларда қаланған Қалжан ахун мешіт-медресесі күйдірліген кірпіштен және сапалы қам кесектен қаланған. Ерекше тәсілмен салынған қасиетті нысанның осы уақытқа дейін сақталуының құпиясы - оның салыну әдісінде. Мешітті салушылар күйдірілген кірпіш пен қам кесекті араластыра отырып қабырғансын тығыз етіп қалаған. Мешіт дәрізден және ортасында кірпіш бағанасы бар намаз оқитын залдан тұрады.
Бұл қасиетті орын далалық монументальді архитектураның үлгі ретінде үлкен тарихи маңызға ие. «Кірпіш» стилінде қаланған нысан өңірдің жергілікті дәстүрлер үйлесіміне сай етіп тұрғызылған.
Қалжан ахун мешіт-медресесі, Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан.
Халықтың қолдауымен тұрғызылған мешіт, бірнеше жылдар бойы жастарға діни білім беретін ортылық ретінде жұмыс жасайды. Кейін Қалжан ахун патша үкіметінің тарапынан қуадалғауға ілігіп, тұрмеге жабылып, көз жұмады. Оның денесі өз атымен аталған мешітте жерленеді. Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени нысан ретінде танылған орын, мемлекет қорғауына алынған.
Құлболды ишан кесенесі, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан.
Жоба аясында тізімге ілінген тағы бір ерекше қасиетті орын – Құлболды ишан кесенесі. Құлболды ишан – Қажы Мәді қожанның үлкен ұлы Қожжанның төртінші ұрпағынан тарайды. Ол 1775-1880 жылдары өмір сүрген. Жастайынан білімге құштар болып өскен Құлболды ишан Айтқожа, Марал ишандармен бірге Ауғаныстандағы ислам шейхынан білім алған. «Мир Араб» медреседе оқып жүргенде ұстаздарының көзіне түсіп, оны аяқтағанан кейін Сырдария ауданының аймағында өмір сүріп, дінді таратып, емшілікпен де айналысқан. Оның емшілік қасиетінен балалы болғандар да, ауруынан айығып кеткендер де болған. Тіпті оның бұл қасиетіне Ташкент бегі де тәнті болған деген аңыз бар. Оның аймақта құрғақшылық жайлаған кезде дұға оқу арқылы бұлттарды шақырып, жаңбыр жауғызған деген аңыз-әңгімелер де кездеседі.
Құлболды ишан кесенесі, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан.
Құлболды ишан өмірден өтер шағында «Мен енді о дүниелікпін. Мен қайтыс болғанан кейін Арқа жақтан Оспан есімді руы Қыпшақ кісіні әкеледі. Оны менің жаныма жерлеңдер», - деп аманат етеді. Аманаты орындалып Арқадан әлгі адамды әкеліп, ишанның жанына жерледі. Кейін Тұрсындай датқа ишанның басына қамкесектен күмбез орнатады. Қазір күмбездің ішінде екі сағана орналасқан. Оның бірі – Құлболды ишанның, екіншісі – Оспанның сағанасы. 2002 жылы бұл кесене ретінде қайта жаңартылып, жергілікті тұрғындардың көмегімен құрылыс аяқталады. Бұл қасиетті орын қазіргі таңда мемлекет қорғауына алынған.
Қожан қожа кесенесі, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан солтүстікке қарай 10 шақырым жерде орналасқан.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының тізіміне енген тағы бір тарихы терең ерекше нысан XVIII ғасырда салынған Қожан қожа кесенесі. Ол әйгілі Қорасын атаның ұрпағы болып саналады. Аңыз-әңгімелер бойынша, кесенені қарақалапқатар, Қожан қожанның нағашы туыстары тұрғызған деседі. Нысан шаршы пішіндес кірпіштерден қаланған. Жоспар бойынша өлшемі-6,20х7,75 м, биіктігі-5,40 м. кесене-айванды-күмбезді. Кесененің сыртқы жағы да, ішкі жағы да сыланбаған, тек айванның ішкі қабырғалары ғана тұрғызылған. Қабірханада солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай үш сағана орналасқан. Қожан қожа қабірі ең үлкені, ол камераның түпкі жағында орналасқан, одан әрі қарай оның ұлдары Қылыш және Қожакеленнің қабірлері жатады. Ал оңтүстік-шығыс қабырғаның жанына Болат қожаның басы жерленген.
Қожан қожа кесенесі, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан солтүстікке қарай 10 шақырым жерде орналасқан.
Қожан қожа өз заманында сыйлы әрі, дін таратушы ретінде аты шыққан. Ол туралы ел аймағында әр түрлі аңыз-әңігімелер әлі күнге дейін сақталған. Қазіргі таңда аталған орын мемлекеттің қорғауында.
Осындай тылсым дүниелерге толы Сыр өңіріндегі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының тізіміне енген ерекше орындар баршылық. Әр қайсысының өз заманына сай тағдыры мен тарихы қалыптасып, өткен мен бүгіннің жалғасындай болған нысандар әлі деп зерттелмек, зерделенбек. Ал оларды дәріптеу және келешек ұрпаққа аманаттау бүгінгі күннің басты міндетінің біріне айналып отыр.