Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаржы министрлігі қазақстандықтарды банкроттыққа асықпауға шақырды

Үкімет кулуарында Қаржы министрі ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы айтты. Оның сөзінше, жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауының өз кемшілігі бар, себебі бакнрот деп табылған тұлға кейіннен бірқатар елеулі шектеулерге тап болады, деп хабарлайды NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ерұлан Жамаубаев құзырлы органдар күн сайын түрлі учаскелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын алға тартты.
«Банкроттық – жақсы емес, бұл кезінде қабылданған шешімдердің салдары. Сондықтан, өзін банкрот деп танудың орнына, төлем қабілеттілігін арттырған жөн екенін айтудамыз. Бірақ түрлі жағдай болады, сол себепті біз барлық нұсқаны қарастырдық», — деді Қаржы министрлігінің басшысы. 
Оны «Правмедиа» эфирінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов қолдады.
«Азаматтар мұны несиелік рақымшылықтың бір түрі деп ойлайды, бұл ешқандай несиелік рақымшылық емес. Несиелік рақымшылық пен банкроттықтың айырмашылығы неде? Несиелік рақымшылықтың салдары жоқ. Қарыз есептен шығарылды, оның орнына борышкерге шектеу қойылмайды. Банкроттық туралы заңда айтарлықтай шектеулер бар. Азаматтар 200-300 мың теңге көлеміндегі қарыздың кесірінен өзінің іскерлік беделі мен несие тарихын бүлдіре отырып, банкротқа ұшырағанын мәлімдеу – ақылға қонымды қадам емес екенін түсінуі керек. Бір-екі жылдан кейін азаматқа қарызға қаражат қажет болса, банк заң бойынша бас тартады. Сондықтан бұл қадамға бармас бұрын бірнеше рет ойлану керек. Белсенді жұмысымызды жалғастырып, жақсы несие тарихымызды сақтап қалу үшін несие берушімен тіл табысып, қарызды өтеудің жолын табуға тырысуымыз керек», - деп атап өтті ол. 
Жалпы, оның айтуынша, «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Заңмен Қазақстанда банкроттықтың үш рәсімі қарастырылған: соттан тыс банкроттық; соттың банкроттығы; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Соттан тыс банкроттықтың негізгі критерийлері борышкерде мүліктің болмауы және кердиторлармен берешекті реттеу және (немесе) өндіріп алу рәсімінен өтуі болып табылады. Бұл ретте банктер, ШҚҰ мен коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздың сомасы ағымдағы жылы 1600 АЕК немесе 5,5 млн теңгеден аспауға тиіс. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді