Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ мен ҰҚК Өзбекстанмен шекарада ауқымды операция өткізді

Түркістан облысында контрабандамен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысты деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Бұл туралы Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нің 5 департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының "Қазығұрт" кеден бекетінде қылмыстық қызметін жүзеге асырған топты ұстау үшін ауқымды арнайы операция жүргізген.

"Аталған адамдар кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық байланыстарын пайдалана отырып, "брокерлік қызметтер" көрсету деген желеумен тауарларды жалған құжаттар бойынша заңсыз әкелуді жүйелі негізде жүзеге асырған. Тасымалданатын жүкке байланысты бір жүк көлігінің кедергісіз кіруі мен шығуы үшін 200 мың теңгеге дейін ақы алынған, бұл кейіннен тауар құнының өсуіне әсер еткен. Тәулігіне кеден бекеті арқылы 150-ге жуық автокөлік өткен", - дейді ІІМ өкілдері. 

Сонымен қатар ведомство ұсталған тұлғалар көрші елдің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қылмыстық қолдау көрсетті деген күдікке ілінгенін атап өтті. Министрлік жедел қызметкерлер бүкіл қылмыстық схеманы анықтағанын жеткізді. Сондай-ақ бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемде ақша, атыс және суық қарудың түрлері, есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленген. ІІМ қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын, кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылуда екенін айтты. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты