Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Желіде қолма-қол ақшаны цифрлық теңгеге айырбастау туралы жалған ақпарат тарады

Қазнетте цифрлық теңге туралы жалған ақпарат пайда болған. Қазақстан ұлттық банкі осы сынды шындыққа жанаспайтын ақпараттардан сақ болуды ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz 

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, цифрлық теңге төңірегінде қызығушылық артқандықтан алаяқтар жоба туралы ақпаратты теріс мақсатта пайдаланып, жұртты адастыруға көшкен.

"Мессенджерлерде жаңалық форматында қолма-қол ақшаны цифрлық теңгемен ауыстыру туралы фейк ақпараттар мен видеороликтер тарап жатыр. Ал цифрлық теңге жобасына инвестиция салуды жарнамалаушылар алаяқтық сайттарды жасауға көшкен. Бұл хабарламалардың барлығы да шындыққа жанаспайды", - делінген Қазақстан ұлттық банкі хабарламасында.

Бұл ретте Ұлттық банк цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз аударымдардың орнын ауыстыру үшін шығарылмағанын атап өткен. Цифрлық теңге болашақта қолданыста қатар жүретін болады. Цифрлық валюта бірегей технологиялық сипаттамалардың арқасында Қазақстанның Ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамытуды көздейді, оның ішінде интернетсіз төлем жасау мүмкіндігі де пайда болады, дейді ведомство.

Айта кету керек, қазір "Цифрлық теңге" жобасы әзірленуде, ол сынақтан өткізу кезеңінде тұр. Ұлттық цифрлық валютаны енгізу бойынша нақты шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда. Ал Ұлттық банк цифрлық валютаның артықшылықтары мен тәуекелдерін, оның ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметі нарығына әсерін жан-жақты зерттеп жатыр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді