Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанға келген иммигранттар саны бір жарым есеге өсті

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында елімізге 11 мың адам келген, бұл өткен жылдың қаңтар–қыркүйек айларымен салыстырғанда 51,7% артық, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Бұл ретте ҚР-нан 20,3 мың адам кеткен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,7% аз. Дегенмен, көші-қон сальдосы әлі де теріс болып қалып отыр: минус 9,3 мың адам.


Өңірлер бойынша келгендердің басым бөлігі Маңғыстау облысына тұрақтаған: 2,4 мың адам, бір жылда 53,9% көбейген. Одан кейін Алматы (2,1 мың адам, 67,1% көбейген) және Алматы облысы (1,4 мың адам, 8,4 есе көбейген). Келгендер ең аз қоныстанған өңір Қызылорда облысы: жыл басынан бері небәрі 12 адам келді, бір жыл бұрын 7 адам ғана болған. Қарағанды облысынан көп адам кеткен: 2,5 мың — бір жыл бұрынғыдан 31,5% аз. Одан кейінгі орында Қостанай (2,4 мың адам, 6% азайған) және Павлодар (2,3 мың адам, 14,8% азайған) облыстары. Ең аз адам Қызылорда облысынан кеткен: бар болғаны 42, бір жыл бұрынғыдан 28,8% азайған.


Биыл ҚР-ға 15 жастан асқан 989 адам техникалық, 516-сы экономикалық, 351-і педагогикалық, 219-ы медициналық, 130-ы заңгерлік, 106-сы сәулет-құрылыс, 70 ауыл шаруашылығы мамандары келген. Сонымен қатар, 15 жастан асқан 3,5 мың адам техникалық, 1,6 мыңы экономикалық, 1 мыңы педагогикалық, 542-і медициналық, 378-і заңгерлік, 218-і сәулет-құрылыс өнері, 159-ы ауыл шаруашылығы мамандығы өкілдері елден кеткен.


Биылғы жылы келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан келгендер: 4,8 мың адам — бір жыл бұрынғыдан бірден 88,8% артық. Екінші және үшінші орында Ресей мен Түркменстан. Үздік бестікке Қырғызстан мен Қытай да кіреді. Сонымен қатар, ҚР-нан Ресейге жиі кеткен: 16,6 мың адам — бір жыл бұрынғыдан 21,4% аз. Одан кейін Германия, АҚШ, Польша және Өзбекстан алдыңғы орында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді