Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мамандар мемлекеттендірудің ең басты кемшіліктерін айтты

Тарихта мемлекенттендіру саясатын қолданған елдер өте көп. Мұндай қадамға барғандар қатарында Франция, АҚШ, Канада, Ресей, Ұлыбритания сынды алпауыт мемлекеттер де бар. Бұл жүйенің өз-өзін ақтамайтыны уақытпен дәлелденген дүние. Десе де, соңғы кездері қазақ қоғамында мемлекеттендіру саясаты туралы жиі айтыла бастады, сондай-ақ, көпшіліктің бұл ұғым туралы түсінігі де кең емес. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ мемлекеттендіру саясаты жайлы кәсіби сарапшылардан пікір сұрап, мұндай жүйенің экономикаға әкелетін тиімсіз һәм тиімді тұстарын талқылады, деп жазады kazlenta.kz

Мемлекеттендіру дегеніміз не? Мемлекеттендірудің тарихы тым әріде жатыр. 18 ғасырда мұндай ұғым Францияда қалыптасып, 1879 жылы мемлекет шіркеу меншігін өзіне тартып алған болатын. Уақыт өте келе мемлекет революцияны мойындамай, шетелге қашқан атақты адамдардың дүние-мүлкіне қол салды. Ал ауқымды мемлекеттендіру саясатын жүргізген тарихтағы алғашқы мемлекет - Кеңес одағы. Мұнда бірнеше кезеңге созылған мемлекеттендіру саясатынан соң теңіз және өзен сауда флоты, теміржол және теміржол транспорты билік меншігіне өтіп, сыртқы және ішкі саудаға толығымен мемлекеттік монополия енгізілген. 1918 жылдан бастап Кеңес одағы жаппай мемлекеттендіру саясатын жүзеге асырды. Сол жылдың күзінде тоғыз мыңнан аса кәсіпорын мемлекет бақылауына өтіп, 1919 жылдың көктемінде ірі өндірістік кәсіпорындар толығымен мемлекет қарамағына алынған.

Ресми дерек бойынша, сол кездері 37 мың кәсіпорын жеке сектордан мемлекет меншігіне беріліпті. Бүгінде КСРО-ның заңды мұрагері саналатын Ресей де осы саясаттан алыстаған жоқ. Батыс елдерінің санкциясынан соң ірі шетелдік компаниялар Ресей нарығынан кетіп қалды. Басқа амалы қалмаған Ресей билігі көптеген өндірістік және өнеркәсіптік ұжымдарды мемлекет бақылауына алып жатыр. Мемлекет - тиімсіз менеджер Мемлекеттендіру дегеніміз не және бұл ел экономикасына пайдалы ма? Сарапшы, экономист Мақсат Халықтың пікірінше, мұндай жүйенің тиімсіз тұстары көп кездеседі.

"Мемлекеттендірудің пайдалы да, зиянды тұстары да бар. Мәселен, мемлекеттен заңсыз жолмен ұрланған немесе инвесторлар негізсіз шарттар аясында алған мүлікті халық мүддесі үшін елге қайтаратын кездер болады. Дәл осындай жағдайда ғана бұл саясатты дұрыс деп айта аламын. Бірақ әлемдік экономика заңдарына сай қарайтын болсақ, бизнесте мемлекет меншігі үлес салмағының көп болуы құрдымға әкеледі. Бұл - өте қауіпті көрініс. Қазірдің өзінде біздің елде мемлекеттің үлес салмағы басым. Егер бизнесте мемлекеттің үлесі елу пайыздан асып кетсе, бұл қоғамның экономикалық дамуын тежейді. Экономиканың нарықтық сипат алмай тұрғанының бір себебі - осы. Әлемдік стандарт бойынша, жеке сектордың үлесі 70-80 пайызды құрап, мемлекет тек 20-30 пайызды ұстап отырады. Сонда ғана нарық заңдары толық сақталып, экономика қарқын алады", - дейді Мақсат Халық. 

Сарапшының айтуынша, мемлекеттендіру өте қауіпті құбылыстардың бірі. Себебі, мемлекет - тиімсіз менеджер саналады. "Егер бизнес жеке сектордың қолында болса, ол өз мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Өндіріс процесін барынша оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттыруға тырысады. Мейілінше тиімді менеджмент құрады. Себебі, өз еңбегі өнімді болуы үшін тікелей жұмыс істейді. Бұл дамуға және бәсекеге қабілетті орта қалыптастыруға да аса қажет. Ал мемлекет - бұл тиімсіз менеджер. Қазір бізде монополия, олигополиямен күрес туралы көп айтылып жатыр. Өйткені, біздің нарықты түгелдей солар жаулап алған және бәсекелестік орнатуға кедергі келтіреді. Мемлекеттендіру шетелден инвестор тарту кезінде де кері әсерін тигізеді. Өйткені, инвесторлар қандай да бір елге ақша құятын болса, сол елді жіті зерттейді, оның әлемдік рейтингтегі жағдайына, елдегі сыбайлас жемқорлыққа және бизнесінің болашағына мән береді. Егер әділдік жоқ болса, қанша жерден табиғи ресурстарға бай болса да, инвестиция салуға асықпайды. Сөзімді қорытындылайтын болса, адам өз еңбегімен жетістікке жететін болса, қоғам тез дамиды. Ал мемлекеттендіру бұған толығымен кереғар құбылыс", - дейді экономист. Мемлекеттендірудің сәтті мысалы жоқ Мемлекеттендірудің пайдасынан гөрі зияны көп деген пікірді ұстанатын тағы бір маман - экономист Жасұлан Көшебаев. Ол бұл саясатты мүлде қолдамайтынын және әлемде мемлекеттендіру арқылы экономикасын жақсартқан елдердің жоқтығын айтады.

"Бизнес мемлекет меншігіне өтетін болса, пайдаға кенелмей, керісінше, шығынға батамыз. Сондықтан, мен бұл саясатты мүлде қолдамаймын. Иә, мемлекеттендіру әлемнің көптеген елдерінде ежелден келе жатқан тәжірибе. Мұнда сәтті де, сәтсіз де кейстер бар. Мемлекеттендіру әр елдің экономикасы мен дамуына байланысты әртүрлі формада жүргізіледі. Бірақ дамыған елдерде бұл саясат өте сирек қолданылады және бизнестің мемлекет меншігіне өтуі ең соңғы қадам ретінде қарастырылады. Яғни, басқа амал қалмаған соң осы қадамға барады. Батыс елдерінде ірі кәсіпорын жабылып, қаншама адам жұмыссыз қалатын болса және экономикалық дағдарыс орнаса ғана, мемлекеттендіру саясатын жүргізеді. Ақшадан қиналған бизнес түлерін қолға алып, оның өндіріс орнын, жұмыс күшін сақтап қалуға көмектеседі. Міне, мемлекеттендіруді тек осы тұрғыдан ақтап алуға болатын шығар. Еркін және нарықтық экономикаға бизнестің әкелер пайдасы көп. Ал бұл іске мемлекет араласатын болса, зияны көбірек тиеді", - дейді сарапшы. Жасұлан Көшебаев дамушы елдерде мемлекеттендіру саясаты қалай жүргізілетініне де тоқталды. "Мемлекеттендірудің екінші формасын Қазақстан, Ресей, Үндістан сияқты дамушы елдер көп қолданады. Бұл елдерде ақша жақсы айналып, табысы өркендеп жатқан өндіріс орындары мен бизнес ошақтарын мемлекет өз қолына алып, бүкіл табысқа иелік етуді көздейді. Бұл - өте нашар форма. Мұндай мемлекеттендіру формасынан экономикаға келетін зиян шаш етектен. Тарихта да бұған қатысты мысал көп.

Мәселен, Венесуэла, Иран, Ирак, Ливия сынды елдер мұнайы мен ірі кәсіпорындарын мемлекеттендіру арқылы бақыт тапқан жоқ. Мұның арты саяси толқындарға, революцияға, жоқшылыққа ұласты. Мемлекеттендірудің сәтті аяқталғаны туралы мысалдар тарихта некен-саяқ. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбритания, Франция секілді елдер теміржол мен мұнай, металлургия кәсіпорындарын мемлекет бақылауына алды. Өйткені, соғыс салдарынан бұл сала тұралап қалған еді. Бірақ 70-80-жылдары дұрыс басқара алмай, тоқырауға әкеліп, қайтадан жеке секторға берді. Яғни, мемлекеттендірулің ең сәтті деген мысалының өзі соғыстан кейінгі кезеңге тап болып тұр", - дейді Көшебаев. Бизнес - табыстан мотивация алатын адамдардың қолына болуы керек Сарапшы Жасұлан Көшебаев мемлекеттің бизнесті басқару қабілеті жеке сектордағы білікті мамандардан әлдеқайда төмен екенін мойындайды. Сондай-ақ, мемлекеттендіру саясаты жүзеге асатын болса, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетсіз болатынын да жасырмайды.

"Мемлекеттік компаниялар көбейген сайын олардың шағын және орта бизнеске қысымы арта бастайды. Өйткені, мемлекеттік компаниялардың қаржылық мүмкіндігі жоғары. Ақшаны бюджеттен алатын болған соң, қаржылық тұрғыдан шектеу жоқ. Ал мұндай қарқынға шағын және орта бизнес өкілдері шыдай алмай, жабылып қалуы мүмкін. Сондай-ақ, біз мемлекеттің бизнеске келгенде нашар басқарушы екенін ұмытпауымыз керек. Мемлекеттік қызметкерлер, яғни, шенеуніктер - бизнесмен емес. Олар бизнесті әлсіз басқарады. Мемлекеттік кәсіпорынға қазынадан тоқтаусыз қаражат құйылады. Ал мұндай ақша құйылып жатқан кәсіпорын тиімділікті бірінші орынға әсте қоймайды. Егер қандай да бір дағдарыс болса, мемлекет бюджеттен, мына біздің төлеген салығымызбен бизнесті құтқарып қалады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет болған соң, түрлі басшы ауысады. Өз меншігі болмағаннан кейін басқару деңгейі тиімсіз болады. Сол себепті, ірі кәсіпорындар жақсы басқаратын, ақша тауып, сол табысынан мотивация алатын адамдардың қолында болуы керек", - дейді маман. 

Сарапшылар пікірі осыған саяды. Олар мемлекеттендіру саясатын жүргізудің тиімді жағы жоқ екенін айтып, бизнесті жеке сектордан бөліп алмауға шақырды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді