Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында білім беру саласының негізгі капиталына салынған инвестиция 219,1 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда ақшалай түрде 49,2% көп (нақты көлемнің нақты өсімі — 45,7%), деа хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция 11,5% азайып, 146,9 млрд теңгені құраған.
Өңірлер бойынша инвестицияның ең көп көлемі дәстүрлі түрде Алматыға түсті: 61,7 млрд теңге, жылдық өсім — 2,3 есе.
Үздік үштікке сондай-ақ Түркістан облысы (33,9 млрд теңге, құндық мәнде бір жылда 67,8% көбейген) және Шымкент (22,3 млрд теңге, 20,3% көбейген) кірді. Алдыңғы үш аймаққа ҚР-ға салынған инвестицияның 53,8%-ы тиесілі.
Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау облысында тіркелді: небәрі 337,7 млн теңге. Одан басқа Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында да инвестиция аз.
Білім беруге салынған күрделі салымдардың үштен екісі дерлік жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді: 136,5 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 64,9% артық.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 51,6 млрд теңге (бір жылда 38,2% өскен), республикалық бюджет қаражатынан 21,8 млрд теңге (22,3% өскен), банк несиесі 6,5 млрд теңге (25,8% өскен), банктік емес қарыздар 2,8 млрд теңге (27,6% азайған).
Үкімет 2022–2026 жылдарға арналған білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ақпараттық ресурсы.
Тұжырымдамада білім беру сапасын жан-жақты арттыру бойынша бірқатар шаралар қамтылған. Атап айтқанда, білім беру үдерісін цифрландыру аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады: «Цифрлық мұғалім», шағын жинақталған мектептерде жекелеген пәндерді онлайн және офлайн цифрлық оқулықтар (мобильді қосымша) арқылы оқыту. Білім берудегі қызметтерді цифрландыру, студенттік орындардың тапшылығын жою, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, жаңа таңдау пәндерін енгізу және мектептерде қосымша секциялар ашу, техникалық және кәсіптік білімді дамыту және т. б. бойынша жұмыстар жалғасады.