Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Маңғыстау жұртшылығымен кездесуде не айтты

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде өңірдегі ауыз су тапшылығы, балабақшадағы орын жетіспеушілік, азық-түліктің экспортқа тәуелділігі және Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуы мәселесін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz 

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысына ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесуде өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерді қозғаған. Соның бірі – ауыз су тапшылығы.

"Ауыз судың жетіспеуі – тұрғындарды алаңдатып отырған өткір мәселенің бірі. Су тұшытатын зауыттардың қуаты әлсіз болғандықтан, қалалар мен ауылдарда жаз кезінде су белгілі бір уақытта ғана беріледі. Ал, биылғы мамыр айында қала тұрғындары су таситын көліктің кезегінде тұруға мәжбүр болды. Мұндай жағдайға шыдап отыруға болмайды", – деді Тоқаев. 

Одан кейін мемлекет басшысы облыстағы тұрғындардың тағы бір өзекті мәселесі – балабақшадағы орын жетіспеушілікке тиімді шешім ұсынды. "Маңғыстау облысында балабақша мәселесі толық шешімін таппаған. Мұнда 10 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін толық пайдалану керек. Биыл өңірде 17 жекеменшік балабақша ашылды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет", – деді президент. Кездесу кезінде аймақ тұрғындарының жыл сайын 100 миллион доллардың азық-түлігін сырттан алатыны да сөз болды.

"Мұндай тәуелділік оның бағасына тікелей әсер ететіні белгілі. Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20 пайыздан астам қымбаттаған. Көбіне мұндай ахуалдың қалыптасуына аймақтың орналасқан жері және логистика мәселелері себеп болып отыр", – деген мемлекет басшысы былтыр қатты қуаңшылықтың және жем-шөп тапшылығының кесірінен өңірдегі ауыл халқының қаншама малынан айырылғанын айтып, енді мұндай жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын қадап айтты. Сөз арасында президент Каспий теңізіндегі итбалықтардың жайын да назардан тыс қалдырмады.

"Бүгінде итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы жиілеп кетті. Бұған адам факторы және экологиялық ахуалдың өзгеруі әсер етіп жатыр. Итбалық Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл жануардың жойылып кетпеуін және оның санын бұрынғы қалпына жеткізуді мен тікелей бақылауда ұстап отырмын", – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады