Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан жасөспірім сотталды

Талдықорғанда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан жасөспірім сотталды
Фото: Polisia.kz

Талдықорғанда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан жасөспірім сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысында жасөспірім тез табыс табуды көздеп, Telegram арнаға тіркелген. Сол жерде оған белгісіз жұмыс беруші психотроптық заттарды жасырын қойып кетуші болуды ұсынған. Салдары ауыр боларын біле тұра, ол заңсыз табысқа келісе отырып, Telegram арна әкімшісінің нұсқауымен әрекет еткен. Ол Талдықорғанда 100 орам мефедрон алып, олардың бесеуін қала көшелеріне жасырып үлгерген. Алайда полиция қызметкерлері оның әрекетін дер кезінде тоқтатып, іс сотқа жолданды.

Сот шешімімен кәмелетке толмаған азаматқа — кәмелетке толмағандарға арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Полиция жеңіл табысқа алданып қалмауды ескертеді. Айналаңыздағы жақындарыңызға да есірткінің зиянын түсіндіріп, дұрыс бағытқа бағыттауды ұсынады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады