Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтар ақшаны көбінесе қайда жұмсайды?

Биылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстаннан халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы шетелге 685,8 млрд теңге жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4% артық, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Бұл ретте транзакциялар саны 2,7% азайып, 1,6 млн-ды құрады, нәтижесінде бір аударым бойынша орташа түбіртек 9,4% өсіп, 418,9 мың теңгені құрады. 2022 жылдың қаңтар–тамыз айларында ААЖ арқылы шетелге аударымдар көлемінің 70%-дан сәл астамы тек үш елдің үлесіне тиді — Өзбекстан (201,7 млрд теңге), Түркия (163,6 млрд теңге) және Ресей (117,3 млрд теңге). Сондай-ақ Қырғызстан (62,5 млрд теңге) мен Грузияға (50,6 млрд теңге) да айтарлықтай көлемде ақша аударылды.


Қазақстаннан шетелге аударымдардың едәуір бөлігі АҚШ долларымен жүзеге асырылады: мысалы, аударымдардағы доллардың орташа айлық үлесі 2021 жылы 78,2%-ды құрады, ал биылғы 8 айда көрсеткіш 73,7%-ға төмендеді. Бұл ретте, қаңтар–наурызда шетелге аударылған қаражаттың жалпы көлеміндегі АҚШ долларымен аударымдардың үлесі 82,3%-84% аралығында болса, кейін көрсеткіш айтарлықтай төмендеп, тамызда 68,5%-ды, ал шілдеде тек 58,4%-ды құрады.


Қазақстаннан шетелге ұлттық валютадағы аударымдар үлесі, керісінше, өсті. Мысалы, тамызда теңгемен аударымдар аударылған қаражаттың 21,2%-ын құраса, биыл теңгенің ең көп үлесі шілдеде 28,1%-ды құрады. Салыстыру үшін: 2021 жылы орташа есеппен ай сайын жіберілген ақшаның 9,5%-ын ұлттық валюта құраған еді.


Биыл Қазақстаннан шетелге Ресей рубліндегі аударымдардың ең үлкен үлесі маусым айында тіркелді: 19,9%, бұл 2021 жылғы орташа көрсеткіштен жоғары, ол кезде көрсеткіш 11% болған еді. Алайда тамызға қарай рубльдегі аударымдардың үлесі әдеттегі 10%-ға дейін төмендеді. Биыл еуродағы аударымдардың үлесі ААЖ арқылы аударылған қаражаттың жалпы сомасының 1%–1,4%-дан елеусіз 0,2%-ға дейін төмендеді.


Биылғы қаңтар–тамыз айларында халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің ішінде аударымдардың ең көп көлемі «Золотая Корона» жүйеге тиесілі: 535,9 млрд теңге, бұл ААЖ арқылы шетелге жіберілген қаражаттың жалпы көлемінің 78,1%-ын құрады. Сондай-ақ айтарлықтай аударым көлемі Contact (82,8 млрд теңге) және Western Union (42,1 млрд теңге) компанияларына да тиесілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді