Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жоғарғы сот өкілі судьялардың казиноға барғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook-тегі ресми парақшасында ойынханаға барған болуы мүмкін судьяларға қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Бұған дейін желіде Алматы облысының прокуроры Берік Адамов қол қойған құжат пайда болған еді. Онда бірнеше облыстың түрлі мемлекеттік органдарының 305 қызметкері қызмет барысында құмар ойындарға 507 млн теңге жұмсағаны айтылған. Құжатта ойынханаға Жоғары сот қызметкерлерінің де барғаны айтылады. Елдос Жұмақсанов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желіде тарап кеткен Алматы облысы прокуратурасының хатына қатысты мынаны айтқым келеді: Жоғарғы Соттың 7 өкілінің ойын мекемелеріне барғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз Алматы облысының прокуратурасына хабарласып, бұл қатені түзетуді сұрадық. Тағы да айта кетейін, бұл тізімде Жоғарғы Соттың судьялары да, Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері де жоқ", - деп жазды ол. Сондай-ақ Елдос Жұмақсанов желідегі жазбасында қадағалау органының құжатында қай судьяларға қатысты ақпарат бар екенін айтқан. Оның сөзінше, Қазақстанның сот жүйесінде 2286 судья мен 6015 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.

"Әңгіме өңірлердің 3 судьясы мен 4 қызметкері туралы болып отыр. Судьялар туралы айта кетсек. Олардың бірі 2020 жылы теріс мотивті себептермен қызметінен босатылған. Сот алқасы екінші судьяны да басқа негіздер бойынша қызметінен босатуды ұсынған болатын. Үшінші судья 2021 жылы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия ұсынысымен Алматы сотынан жүктемесі аз ауылдық округ сотына ауыстырылды", - деп түсіндірді ол.
 
Жұмақсанов материалдар Судья әдебі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілетінін атап өткен. "Сот жүйесі кездейсоқ және лайықты емес судьялардан арылатыны сөзсіз", - дейді ол. Сонымен қатар департамент басшысының орынбасары 4 мемлекеттік қызметкерге қатысты жағдайға да тоқталып өтті. Оның айтуынша, 2021 жылы сот жүйесінен бір қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткен, қалғандарына қатысты қызметтік тексеріс басталған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді