Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Прокуратура елімізде шенеуніктердің казиноға 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсағанын анықтаған

Прокурорлар бірқатар мемлекеттік қызметкердің ойынханаларға барғанын және олардың мұндай қызметке жұмсаған шығыны өздерінің жалақысына сай келмейтінін анықтаған. Құқық қорғаушылар бұл туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарлап қойған,депхабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Таяуда журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов қол қойған құжат жарияланды. Онда бірнеше облыстың түрлі мемлекеттік органдарының 305 қызметкері қызмет барысында құмар ойындарға 507 млн теңге жұмсағаны айтылған. Сондай-ақ құжатта ойынханаларға барған кейбір мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөні, ұтылған сомалары көрсетілген. Аталған құжаттың шынайы екенін прокуратура Sputnik Қазақстан тілшісіне растаған.

"Біз бұл мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқпыз. Бізге хабарламалар түсе бастады, біз фактіні растадық, өйткені бұл заң бұзушылықтар казинолар мен ойын автоматтары залдарын тексеру кезінде анықталды. Расында да аталмыш факті бойынша түрлі мемлекеттік органдарға хат жолданды. Әр ведомство өз қызметкерлерімен жеке айналысып, тиісінше қабылданған шаралар туралы бізге хабарлауы керек", - дейді басылымға Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Мақсат Әбиров.
 
Сондай-ақ прокуратура ойынханаға жұмсалған шығындар мемлекеттік қызметкерлердің нақты жалақысына сәйкес келмейтінін атап өткен. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді