Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Көлсай көлдері" табиғи паркі Төреғали Төреәлінің төбелесіне қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Төреғали Төреәлінің жас жігітті соққыға жыққаны туралы видео тарап кетті. Аталған видеоға қатысты "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz

Ресми хабарламаны журналист Диас Нұрақын жариялады. "Әлеуметтік желілерде тарап жатқан Көлсай көлі маңдайына болған бейне түсірілімге қатысты "Көлсай Көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі келесіні хабарлайды.

2022 жылдың 28-қыркүйегі күні танымал әнші Төреғали Төреәлі және көл маңайында қонақтарды қыдыртып жүрген туристік фирма өкілі арасында түсініспеушілік туындап, соңы төбелеске ұласқан. Бұл оқиға Кеген аудандық ішкі істер бөліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ал әнші мінген көлікті Ұлттық парк аумағының рұқсат етілмеген бөлігіне кіргізгені үшін, сол күні кезекшілік атқарған мекеме қызметкерінің үстінен шара қолдану үшін қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада. Айта кетелік, аталған жайтқа қатысты Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.

"Тексеру шаралары басталды. Алматы облысы ПД басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізілген іс-шараларды Алматы облысының Полиция департаменті бақылауға алады", - деді Рустам Абдрахманов.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады