Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

25 қазанда күннің тұтылуын еліміздің қай өңірлерінен көруге болады

25 қазанда Қазақстанның барлық аумағында күннің жартылай тұтылу құбылысын байқауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

В.Г. Фесенкова атындағы астрофизика институты директорының орынбасары Рашит Валиуллиннің басылымға айтуынша, қазіргі күн тұтылу құбылысы - 2004 жылдың 14 қазанындағы күннің жартылай тұтылуының қайталануы.

"Ай мен Күн тұтылуының алдыңғы ретпен қайталанатын бұл уақыт аралығы (шамамен 18 жыл) астрономияда "сарос" деп аталады. Сондықтан "сарос" бойынша келесі тұтылу 2040 жылдың 4 қарашасында болады", - дейді Рашит Валиуллин.

Басылымның хабарлауынша, аталған институт мамандары еліміздің бірнеше өңірі бойынша күннің тұтылу уақытын есептеп шығарған. Оған сәйкес, күн тұтылуының максималды фазасы (83 пайыз) Астанада байқалады.

Мамандардың есептеуінше, елордада күннің тұтылу 25 қазанда 16:06-да басталып, максималды фаза сағат 17:17-де болады. Алматыда күн тұтылуы жергілікті уақыт бойынша сағат 16:26-да басталып, максималды фазасы 17:35-те болады, дейді мамандар. Ал Петропавлда (80 пайыз) – сағат 17:08-де, Павлодарда (79 пайыз) – 17:18-де, Оралда (71 пайыз) – сағат 16:00-де, Атырауда (69 пайыз) - 16:07-де, Шымкентте (69 пайыз) - 17:32-де болады деп күтілуде.

Валиуллиннің сөзінше, бұл таңғажайып астрономиялық құбылысты көздің көру қабілетіне зиян келтірмей бақылау үшін сақтық шараларын сақтау қажет. "Күн тұтылуын экран проекциясы арқылы бақылаған дұрыс. Сонымен қатар күңгірт сүзгі немесе дәнекерлеуші көзілдірігі арқылы күнге тікелей қарауға болады", - дейді Рашит Валиуллин. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді