Қазанның бірінші онкүндігінде республиканың барлық аумағында суықтың толқыны тіркелді. Осыған байланысты түнгі уақытта ауа температурасының рекордтық мәні орнатылды. Мысалы, 02 қазанда Аякқұм метеорологиялық станциясында (Ақтөбе облысы) түнде ең төменгі ауа температурасы: -2,7°С тіркелді, осылайша 1976 жылы -1,0°С белгісіне жеткен ауа температурасының рекордын жаңартты. Ал 09 қазанда Ақтау метеорологиялық станциясында, (Маңғыстау облысы) ең төменгі ауа температурасы +1,8°С байқалды, осылайша 1987 жылы +2,2,°С белгісіне жеткен ауа температурасының рекордын жаңартты, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Сондай-ақ, қазан айының жекелеген күндерінде Қазақстанның қиыр солтүстігінде, солтүстік-шығысында және шығысында екінші және үшінші онкүндіктің соңында тіркелген ауа температурасының ең жоғары мәндерінің рекорды да жаңартылған болатын. Мысалы, Кішкенекөл метеорологиялық станциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) 18 қазан күні, күндіз ауа температурасы +18,1°С құрады. Нәтижесінде осы күннің алдыңғы рекорды жаңартылды, ол +16,8°С құрады және 2009 жылы тіркелді. Күндіз 20 қазанда Өскемен метеорологиялық станциясында (Шығыс Қазақстан облысы) ауаның ең жоғары температурасы +22,1°С байқалды, нәтижесінде осы күннің алдыңғы рекорды жаңартылды, ол 1989 жылы +20,9°С құрады. Сондай-ақ 24 қазанда Екібастұз метеорологиялық станциясында (Павлодар облысы) күндіз ауаның ең жоғары температурасы +16,2°С тіркелді, нәтижесінде осы күннің алдыңғы рекорды жаңартылды, ол 1991 жылы +14,7°С болды.
Сонымен қатар, қазан айында температура рекордтарынан басқа, қатты жел, қатты жаңбыр, қар, аяз сияқты қолайсыз ауа-райы жағдайлары байқалды. Бірінші, екінші және үшінші онкүндіктің басында Достық метеорологиялық станциясында (Алматы облысы) желдің жылдамдығы 30-41 м/с жетті, бұл стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың (АГҚ) өлшемдеріне сәйкес келеді. 02 қазанда болса, Марқакөл метеорологиялық станциясында (Шығыс Қазақстан облысы) 21,1 мм қатты қар байқалды (норма бойынша айына 46 мм). 01-02 қазанда Қызылордада 1...5°С дейін, Атырауда 1...4°С дейін, ал 03 қазанда Жамбыл облысында 1...5°С-қа дейін, Алматы облысында 1...11°С дейін үсік жүрді.
Нұр-Сұлтан қаласында 20 қазан ең жылы күн болды: бұл күні термометр +16,5°С дейін көтерілді. Ал 07 қазан ең суық күн болды: түнде ауа температурасы -7,4°С дейін төмендеді.