Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркі әлемінің генезисі: Түркі халықтарына ортақ мәдени құндылықтарымыздың насихатталуы

Түркі халықтары – тарихы мен тағдыры ортақ тұтас әлем. Сол себептен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алуды тапсырды. Жоба аясында Түркі халықтарының мәдени күндері және Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу көзделді. Сондай-ақ 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресі ұйымдастырылды.


Қазақ тарихы Ұлы дала мәдениеті мен тарихына, барша түркі халықтарына мәңгі ажырамастай берік байланған. Соңғы 20 жылда түркі мемлекеттерінің достығы мен ынтымағын арттыруға бағытталған шаралар көптеп ұйымдастырылды. Олардың бірі – Түркі халықтарының мәдени күндері. Осы орайда мемлекетаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы жұмыс істейді. Оған қоса, түркі мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясының сессиясы өз жұмысын бастады. Тіпті, бұл ұйымның ресми байрағы да бекітілген. Ал елімізде 2010 жылы Халықаралық Түркі академиясының негізі қаланды.


2019 жылы Түркология конгресі Түркияның Стамбул қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мармара университеті және Стамбул университеттерінің ұйымдастыруымен өтті. «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» деп аталатын жиында жеті елдің 50-ге жуық ғалымы ғылымның әртүрлі аспектілерінде өз зерттеулерімен ой бөлісті.


Ал 2020 жылы «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» деп аталатын электронды кітап, VIII Халықаралық Түркология Конгресінің мақалалар жинағы жарыққа шықты. Басылымда ғалымдардың түркі халықтарының рухани құндылықтары, дүниетанымы, тарихы, тілі мен әдебиеті, мәдениеті, өнеріне қатысты ғылыми-зерттеулерінде түркі халықтарының әлемдік өркениеттегі орны мен үлесі туралы ауқымды мәселелер қозғалған. Осылайша бай мұрамызды түгендеу және ортақ құндылықтарымызды насихаттау арқылы жер жүзіндегі 300 миллионнан астам түркі халқының туыстық және рухани байланысын да жақындастыруға мүмкіндік жасалды.


Сонымен қатар «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны жүзеге асыру да әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастытур жұмыстары жүргізілді. Мәселен, «Алтын адам» ескерткіші Түркияның 20-ға жуық музейіне қойылатын болса, Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды. Бұл Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашуға негіз болды. Осы орайда «Отырар» түркі әлемінің электронды кітапханасы» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы ынтымақтастық жөніндегі меморандум Алматы қаласында бекіді. Құжатқа ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов және Түркияның «YERTAD» Тарих және мәдениет қауымдастығының басшысы Низаметтин Айкурт қол қойды. Атқарылған жұмыстар Қазақстанның модераторлығымен Википедияның үлгісінде Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын құруға негізделген. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында жазушы-ғалым Құлбек Ергөбектің ұйымдастырумен «Түркі тілдес халықтар» кітапханасы ашылған. Кітапхана қорында башқұрт, құмық, малғар тәрізді 24 түркі тіліндегі 35 мыңға жуық кітап жинақталған.


(«Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаның іске асуы)


Бүгінде Қазақстанның ежелгі астанасы киелі Түркістан өңірі түркі халықтары үшін қасиетті орынға айналған. Бұл Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған басты тапсырмалардың бірі болды. Мәселен, аты әлемге әйгілі Қожа Ахмет Ясауи бабамызды бүкіл түркі әлемі құрметтеп, өздерінің ұстаздары деп санайды. 90 мыңдай шəкірт-мүриттері ілімін Орта Азия, Таяу Шығыс елдеріне таратқан бабамызды зерттеуге әлемнің қиыр-қиырынан ғалымдар қазақ жеріне ат басын тіреген. Осы орайда АҚШ, Италия, Нидерланды, Ұлыбритания сынды батыс елдерімен қатар Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстанда басқа да білікті ясауитанушылар жұмыс жасайды. Түркістан облысының туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық туристік және инвестициялық форум өткізіліп, әлемнің 20-ға жуық мемлекетінің инвесторларымен 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын меморандум жасалған.


Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Өмірбек Қанайдың сөзінше, «Қазақстан – түркі дүниесінің бесігі» деген дұрыс айтылған пікір. 


«Қазақ жері ерте заманда жаугершілік кезеңінде де түркі дүниесінің ұйытқысы болды. Бұрынғы Түрік, Түргеш қағанаты, Қарахандар кезеңінде де қазақ топырағы олардың жүрегінен орын алған. Ислам діні қабылдағаннан кейінгі кезде әсіресе рухани мәдени салада қазақ жері негізгі орталығы болып есептеллді. Оған елімізден шыққан аты әлемге танымал ғалымдардың, ғұламалардың септігі тигенін айта кету керек. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сынды ғалымдар түбі бір түркі идеясын насихаттап, түрлі ғылыми негіздегі дүниелерімен бөлісті. Олардың рухани ордасы – Түркістан болды. Бүгінде облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістанның түркі әлемінде алатын орны мен беделі зор», – дейді ғалым.


Бауырлас елдердің сәтті интеграциялануында гуманитарлық жобалар жүзеге асырылып, идеологиялар қалыптасқанын де ерекше атап өткен жөн. Бұл орайда табысты жүзеге асырылған «Мәдени мұра» жобасына, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Елбасы қаламынан туған «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына айрықша тоқталуға болады. Бұл аталғандардың қай-қайсысы қазір тек қазақ халқының ғана емес, барша түркі әлемінің де ортақ игілігіне айналып отыр.


Осылайша бүгінде Түркі кеңесі деңгейінде «Түркі әлемінің қасиетті орындары» және «Түркі әлемінің ұлы тұлғалары» бағдарламалары жүзеге асырылуда. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Қазақстан астанасында Түркологтардың дүниежүзілік конгресін өткізу туралы өзекті бастама көтерілді. Бұл оқиға да барлық түркітілдес елдер мен бауырлас халықтардың ортақ тарихына айналатын кезең. Ежелгі Түркістан шаһарының мәртебесін облыс орталығы деңгейіне көтеру, сондай-ақ облыс атауын Түркістан деп өзгерту байтақ түркі әлеміндегі барша халықтың жүрегінен ойып орын алғаны анық.


Рухани тамырымызға үңілу арқылы қоғамдық сананың жаңғыруы «жалпытүріктік ауқымға» таралуы табиғи құбылыс деуге негіз бар. Олай болса, кеңестік кезеңдегі біздің идеалдарымыз бен мүддемізге қайшы кеңестік тарихнамадан мұраға қалған «сынған айнаның» әр бөлшегін қайта құрастыратын уақыт келді.


Елбасының ондаған жылдың бедерінде дәйекті түрде жүргізген саяса тында ұлттық және жаһандық, гума ни тарлық бастамалар мен экономикалық мегажобалар берік үйлесім тапты. Олар бір-бірін толықтырып қана қоймай, өзара сабақтасып жатыр. Мұндай саясатты жүргізу үшін өмірлік зор тәжі рибе мен құрыштай берік саяси ерік-жігер ғана емес, даналық деп аталатын айрықша қасиет керек екені анық.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді