Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Коронавирустың дезинфекция құралдарына төзімділігі төмен – Алматы эпидемиологтары

Алматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына байланысты эпидемиолог дәрігерлер қала тұрғындарына тағы да бірқатар ұсыныстар берді, сонымен бірге, қала тұрғындарын белгіленген карантин шараларын сақтауға шақырды,
деп хабарлайды 
kazlenta.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

 

Дәрігер эпидемиологтар тәулікке қарамастан әрбір расталған немесе коронавирус инфекциясын жұқтыру мүмкін (ықтимал) болған жағдайларға эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта аталған қызмет тәулік бойы істейтін режимге көшкен. Әрбір жағдайды зерттеп, байланыс жасағандарды анықтағаннан кейін эпидемиологиялық қызметтегілер КВИ расталғандарды емдеу үшін оларды қайда жеткізу керектігін және байланыс жасағандарды оқшаулау үшін қайда жолдау керек екенін анықтайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, сонымен бірге, медицина қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясының таралуын (жұғуын) болдырмау үшін денсаулық сақтау ұйымдарына инфекциялық бақылау жүргізеді, сол арқылы мамандар тапшылығының алдын алады.


«COVID-19 – бұл осыған дейін адам баласы ешқашан ұшырасып көрмеген қауіпті және жасырын инфекциялық ауру. Әзірге одан вакцина жоқ, және одан өзіңді қорғаудың жалғыз жолы – ол қолды таза ұстап, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану және шектеу шараларын ұстану. Аурудың күрт өршуінен тек осылай ғана айналып өте аламыз», - деп хабарлады эпидемиолог дәрігер Динара Бектұрсынова.


Динара Бектұрсынова вирустың ауа тамшылары арқылы таралатынын түсіндірді. Коронавирусты жұқтырған адам вирусты сөйлесу кезінде, түшкіргенде және жөтелгенде айналасындағыларға жұқтыруы мүмкін, соған байланысты 2 метрге дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Вирусты жүрек қан тамырлары және эндокриндік жүйе ауруларына шалдыққандар жиі жұқтырады. 65 жастан асқан адамдарда осындай патологиялар жиі кездеседі, сондықтан олар тәуекел тобына енген.


Вирус беткі қабатта өмір сұруге қабілетті, бірақ дезинфекциялық құралдарға төзімділігі төмен. Сол себепті тұрғындарға жуғыш заттарды қоса отырып, үйде ылғалды тазалық жүргізуге және тазалық жүргізгеннен кейін шүберектерді жақсылап жуып, кептіруге кеңес берілді. Сонымен бірге, ғимараттарды әрбір екі сағат сайын 10-15 минут желдетіп отыру қажет.


Динара Бектұрсынова сырқат белгілері болған жағдайда дәрігерге хабарласып, оқшауланып, үйден шықпау қажеттігін еске салды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді