Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әскери саперлер оқ-дәрілерді кәдеге жарату машықтарын жетілдіруде

Қарулы Күштерді минасыздандыру орталығында инженерлік-саперлік роталардың командирлерімен жиын өтуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығына әрі қарай сақтауға қауіпті және пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді жою мен оларды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету  шараларын іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

2021 жылы Мемлекет басшысы «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын бекітті. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңға әскери қоймаларда одан әрі ұстау нақты қауіп төндіретін оқ-дәрілер айналымының нормаларына, ерекшеліктеріне қатысты толықтырулар енгізілді.

Заңнамадағы қабылданған өзгерістер қорғаныс ведомствосына өз бетінше жарамсыз оқ-дәрілерді жоюмен айналысуға мүмкіндік береді. Биыл көктемде оларды кәдеге жарату жұмыстары басталады, оларға Қарулы Күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері тартылатын болады.

Жиын барысында инженерлік әскерлердің офицерлері инженерлік, авиациялық, артиллериялық оқ-дәрілердің негізгі түрлерін және олардың ерекшеліктерін зерделеу сабақтарын өткізеді.

Тәжірибе сабақтары «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында өтеді. Арнайы жабдықталған қалашықта саперлер жергілікті жерді жарылыс қаупі бар қалдықтардан тазарту, оның ішінде оларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөнінде оқу тапсырмаларын пысықтайды. Қалдықтарды жару жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды. Жұмыстар инженерлік қару-жарақтың заманауи құралдарын пайдалана отырып жүргізілуде.

Теориялық және практикалық сынақтарды тапсыру арқылы жеткілікті білім деңгейін растай отырып, жиынға қатысушылар одан әрі жұмыс істеуге рұқсат алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады