Белгілі болғандай, келісім аясында еурооблигациялардың 2 траншы шығарылған. Атап айтқанда, айналым мерзімі 7 жыл және 0,6 пайыз купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 500 млн. еуро сомасында және айналым мерзімі 15 жыл және 1,5 пайыз купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 650 млн. еуро. сомасында болып отыр.
«Осы транзакция шеңберінде Қазақстан Республикасы тарихи төмен табыстылық мөлшерлемесі бойынша ақшалай қаражаттарды тартты. Мысал ретінде айтсақ, 7-жылдық еурооблигациялар бойынша купондық мөлшерлеме ұқсас BBB рейтингісі бар дамушы елдер ішіндегі мемлекеттер арасында рекордттық төмен деңгейде қалыптасқанын атап өту қажет», – делінген хабарламада.
Аталған шығарылым Қазақстан Республикасындағы еурооблигациялардың 15 жылдығына арналып шығып отыр. Осылайша, ол ТМД елдері арасында еурода номинацияланған ең ұзақ мерзімді қарыздық бағалы қағаз болып отыр.
«Қазақстан Республикасына халықаралық инвесторлардың жоғары сенімі мен сұранысының арқасында, еурода деноминацияланған Қазақстан Республикасының кірістілік қисығы жоғары несиелік рейтингке ие басқа дамушы елдердің кірістілік қисығымен салыстырғанда, кейін қалыптасты», – делінген министрлік жазбасында.
Ведомство мәліметіне қарағанда, аталмыш еурооблигациялар Лондон қор биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығының Қор биржасында қосарланған листингпен басып шығарылған.
Отандық БАҚ хабарлағандай, шығарылымның алдында Лондондағы қаржы, ұлттық экономика министрліктері, Ұлттық банк және «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілдерінен тұратын делегациясының 2-күндік роуд-шоуы өткізілген.
Айта кетейік, мәміленің халықаралық ұйымдастырушылары бірлескен лид-менеджерлер мен букраннерлер ретінде Citi және Societe Generale, бірлескен лид-менеджерлер ретінде – UBS және қазақстандық ұйымдастырушы – «First Heartland Securities» (FHS) компаниясы. Аталған мәміле Қазақстан Республикасына дәстүрлі түрде еуроға бағытталған инвесторларды тарту арқылы инвесторлық базасын диверсификациялауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге 25 қыркүйек күні прайсинг болып, соның нәтижесінде 110 сапалы инвестордың қатысуымен 2,8 млрд. еуроны құрайтын өтінімдер кітабы дайындалған болатын.