Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралдық анестезиолог-реаниматолог дәрігер мереке қарсаңында өз мамандығының қыр-сырымен бөлісті

16 қазан күні әлем бойынша Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні аталып өтіледі. Аталмыш мереке қарсаңында қалалық көпбейінді аурухананың жан сақтау бөлімінің жұмысымен таныстық. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Ихсанов Бирлес Сисенбайұлы пен бас мейірбеке Самал Жолдыбайқызы күнделікті жұмыстары, бөлімнің жабдықталуы туралы айтып, бөлім тіршілігімен таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жан сақтау бөлімінде жалпы саны 8 анестезиолог-реаниматолог қызмет атқарады. Бөлімде 3 жатын орынымен 3 палата қолданысқа берілген. Яғни жалпы 9 төсек-орын. Бұл палаталарда жағдайы ауыр науқастар ем алады. Яғни науқастар инсульт, ауыр жарақаттар, уланулар, гинекологиялық оталардан соң аталмыш палаталарға жатқызылады. Одан бөлек ояну бөлмесі, төтенше жағдайлар бөлмесі бар. Отадан шыққан науқастар арнайы аппараттармен жабдықталған ояну бөлмесінде ем жалғастырады. Қызумен түскен науқастарға арналған жеке изолятор мен күйік шалған науқастарға арналған арнайы орын бар. Барлық палаталар керекті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Келесі кезекте аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Бирлес Сисенбайұлы өз жұмысының қыр-сырымен таныстырып өтті.

«Мен Ихсанов Бирлес Сисенбайұлы 1989 жылы дүниеге келдім. Осы салада 2013 жылдан бастап қызмет атқарамын. Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина униврситетін тәмамдадым. Жалпы еңбек жолым 2013 жылы Жәнібек ауданынан басталды. 2014 жылы анестезиолог мамандығының арнайы курсын оқып, қазіргі күнге дейін қызмет атқарудамын. 2018 жылда осы қалалық көпбейінді ауруханаға келдім. Қазіргі таңда 1 категориялы анестезиолог-реаниматологпын».

Анестезиологиялық әдіс – бұл пациентті операциялық жарақаттардан қорғауға бағытталған, қазіргі заманғы наркоздың барлық компоненттерін қамтамасыз ететін және оперативті араласу барысында, инвазиялық зерттеу әдістері кезінде, операциядан кейінгі кезеңде өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін қолдаушы емдік және диагностикалық іс-шаралар кешені болып табылады. Анестезиологиялық көмек – науқасты хирургиялық араласулар, босандыру, таңу, инвазиялық араласулар мен зерттеу әдістері кезінде зақымдаушы факторлардан қорғауға бағытталған шаралар кешені болса, реаниматологиялық көмек – науқастар мен зардап шеккендерді өмірінің ақырғы кезеңінен (реанимация) шығаруға, сондай-ақ жіті пайда болған аурулардың, жарақаттар, операциялық араласулар және осы бұзылуларды туыңдатқан себептерге қарамастан басқа да қиын жағдайлардың салдарынан бұзылған организмнің өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру және қолдауға (қарқынды терапия) бағытталған шаралар кешені саналады.

Ауыр жағдайда түскен науқастарды емдейтін аталмыш бөлім жұмысы үнемі қызу түрде жүріп жатады. Ал анестезиолог-реаниматолог ауыр жарақатпен немесе қиын жағдайда ауруханаға түскен науқастарды реанимациядан шығарып, наркоз берумен айналысады. Ауруханада наркоздың барлық түрі қолданысқа берілген. Дегенмен эндротрахеальді анестезия, аймақтық анестезия жиірек қолданылады.  Дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері төтенше күндер саналады. Осы күндері науқастар өзге күндерден әлдеқайда көбірек түседі. 

«Бөлімде тек 9 төсек-орын болғандықтан, науқастарды өзара ажыратып, ауру деңгейіне байланысты басқа палаталарға аусытыруға мәжбүр боламыз. Ол - дәрігердің мойнына артылған үлкен жауапкершілік. Бүгінгі күнде 3 адам бөлімге түсті. Оның 2-еуі инсульт алған болса, 1-еуі ампутациямен реанимацияға түсті».

Бөлімге түсуші науқастардың жас аралығы әр түрлі. Көбіне 50 жастан асқан науқастар. Алайда уланумен жас ер азаматтар да түсіп жатады. Жұмыстың қиындығына, мамандардың жетіспеушілігіне қарамастан өз ісін сүйетін Бирлес Ихсанов «2011 жылда жедел-жәрдем бөлімінде санитар болып қызмет атқардым. Сол кезде реаниматолог дәрігерлерден сабақ алып, осы мамандыққа қызығушылығым оянды. Университет бітіргеннен кейін осы арнаға бет бұрып, өмірімді осы саламен байланыстыруды құп көрдім. Болашақта осы мамандық бойынша тәжірибемді жалғастыра беремін. Толығырақ танып-білуге, тәжірибе толықтыруға ниетім бар» деп өз сөзін қорытындылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді