Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің өкілдері әйелдердің армиядағы рөлін талқылады

Шанхай ынтымақтастық ұйымының қолдауымен өткізілген онлайн-вебинарға ел әскеріндегі әйел офицерлер қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстанда әйелдер ерлермен қатар Қарулы Күштердің барлық әскер түрлерінде қызмет етеді. Айтар болсақ, 7,5 мыңнан астам әскери қызметші әйелдің 800-ден астамы офицер.

«Жауынгерлік іс-қимылдардағы әйелдер рөлінің тарихи перспективасы» сессиясында бітімгер майор Шолпан Тауышова сөз сөйледі. Ол тарихтағы қанды қарулы қақтығыстарда әйелдердің көрсеткен ерліктері жайында тарихи мысалдар келтірді.

- Қазақ халқы қатысқан соғыстар батырларды еркек-әйел деп жіктемеді. Ежелден Ұлы Дала тайпаларының тәуелсіздігі үшін күресте халқын даңққа бөлеген ұлы жауынгерлер – патшайым Зарина мен Томирис. Жоңғарлармен күресте сұлтандар мен батырлардың әйелдері, қыздары, қарындастары – Айтолқын, Есенбике, Айбике, Гауһар, Назым, Бопай қатысты. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ халқының жүздеген қыздары Жеңіс жолында өз өмірін құрбан етті. Пулеметші Мәншүк Мәметова, мерген Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батырлары атанды. Дәл осындай жауынгер қыздар әскери қызметтегі әйелдерді жігерлендіріп, рух береді, - деді Шолпан Тауышова сөйлеген сөзінде.

Бүгінгі таңда да Қазақстанның Қарулы Күштерінде үлгі алуға тұрарлық нәзік жандылар баршылық. Мысалы, аға лейтенант Ардана Ботай – алғашқы және жалғыз жойғыш-ұшқыш әйел, әскери теңізшілер – 2-дәрежелі старшина Дарья Кириченко, 1-дәрежелі старшина Майра Әбдірахманова және басқалар.

Әйелдер қызметте ғана емес, спортта да үнемі жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Майор Ольга Рыпакова – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы. Сержант Людмила Губарева – биатлоннан және офицерлік үш сайыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, «Достастық жауынгері» байқауында Армия халықаралық ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы.

Бітімгершілік қызметте де әйелдер табысты болды. Полковник Диля Ахметова, майор Шолпан Тауышова, капитан Айжан Жасұзақова мен Римма Шәкеева бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға өз үлестерін қосты. 2009 жылдан бастап «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы қатарынан 63 әйел арнайы даярлық курстарын оқыды.

Қазақстандық погон таққан әйелдер нәзік жандыларға сай емес күрделі кәсіп болып саналатын қызметте жетістікке жетудің үлгісі. Олар лауазымдық міндеттерін ер-азаматтардан кем емес, кейде үздік атқаратын кездері де болады.  Ұжымда тәртіпті нығайтуға ықпал етіп, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қашанда әзір әскери мамандар ретінде қызмет атқарады.

Онлайн-вебинар барысында Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері Қарулы Күштердегі әйелдердің рөлі жөнінде пікір алмасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті