Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Прокурор ескертеді: абайлаңыз, алаяқтар!

Алаяқтық - Батыс Қазақстан облысында жиі жасалатын қылмыстардың бірі. Олардың саны 88,8%-ға (592-ден 863-ке дейін), оның ішінде интернет-алаяқтық 79%- ға (266-дан 477-ге дейін) өсті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұл қылмыстар көптеген азаматтарға қатысты жасалатындығымен сипатталады. 

Жыл сайын алаяқтар ақшаны алудың күрделі схемаларын ойлап табады.

Телефондар, ақпараттық агенттіктердегі жеке деректердің жарияланымдары сіз туралы көп білуге мүмкіндік береді.

Мысалы, азаматша «Ж» алдау және сенімге қиянат жасау жолымен екінші деңгейдегі банктерде онлайн-несиелерді, оның ішінде бөгде пәтерлерді кепілге қою арқылы заңсыз рәсімдеген. Нәтижесінде 70 азамат оның қылмысының құрбаны болды, оларға 21 млн. теңге залал келтірілді.  

Прокуратураның нұсқауы бойынша күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Іс аяқталу сатысында.

Сондай-ақ, адамдар жылжымайтын мүлікті төмен бағамен алу туралы  сендірулерге алданып, алаяқтардың құрбаны болады.

Азаматша «Б» Батыс Қазақстан және Атырау облыстары тұрғындарының сеніміне кіріп, Орал, Ақтау және Ақтөбе қалаларының аумағында пәтерлер мен жер учаскелерін алып беруге уәде берген.

Күдікті «Б» өзінің қылмыстық әрекеттерінің заңдылығын көрсету үшін ресми түрде жалған кілттерді беріп, адамдарды жақын арада пәтер беріледі деп сендірген. Содан кейін олардан ақша алған соң ұялы телефонды өшіріп, қашып кеткен.

Тергеу барысында жалпы сомасы 25 млн. теңге материалдық залал келтірілген 32 тұлға жәбірленуші болып танылды.

Күдікті «Б» ұсталған, іс сотқа беру сатысында тұр.

Мұндай мысалдар жалғыз емес.

Құқық қорғау органдары зардап шеккендерге әрдайым көмектесуге дайын, бірақ құқық бұзушылықпен күресудің ең жақсы тәсілі – азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен қырағылығы.

Мен облыс тұрғындарына үндеу жасап, мұқият болуды ескерткім келеді!

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

- өзіңіздің дербес деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін, кодтар мен құпия сөздерін, ешкімге, тіпті банк қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға да хабарлауға болмайды;

- жеке деректеріңізді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге сеніп сақтамаңыз;

- тексерусіз тауар үшін алдын ала төлем жүргізуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аудармаған жөн;

- ұялы телефонға немесе компьютерге функционалдығы сізге белгісіз қосымшаларды орнатудың қажеті жоқ;

- және ешқандай жағдайда Сізге төлем жасау үшін белгісіз контактілерден келген спам-жіберілімдерде бар деп болжанған немесе қалқымалы терезелердегі сілтемелерге өтпеңіз.

Есіңізде болсын:

Өзіңізді осындай қылмыстардан қорғау өте қарапайым. Ең алдымен, өте сақ болу қажет!скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді