Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Келешек мектептері» жобасы: Нұра ауданында ашылған білім ордасының ерекшеліктері айтылды

«Келешек мектептері» жобасы: Нұра ауданында ашылған білім ордасының ерекшеліктері айтылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Еліміздегі білім беру стандарттарын жаңарту, инфрақұрылымды жақсарту және оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Келешек мектептері» жобасы қолға алынды. Жоба аясында салынған білім ордаларының бірі – Астананың Нұра ауданында орналасқан №100 жалпы білім беретін орта мектеп, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарқын келешекке бастаған жаңа мектеп биыл 8 қаңтарда ашылды. 2000 оқушыға шақталған мектеп Нұра ауданының Е-535/1 мекенжайында орналасқан. Мұнда қазіргі кезде 1418 оқушы білім алып жатыр. Білім ордасының басшысы Мұрат Ахметов жайлы мектептің артықшылықтары туралы айтып берді.

«Мектеп көлемі типтік мектептерге қарағанда 15-20%-ға кең болғандықтан, техникалық жабдықталуы да 4 есе артық. Мұнда робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спортзал қарастырылған. Сондай-ақ алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар жабдықталған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады. Оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сонымен қатар кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен миын тынықтыруына тиісті жағдайлар қарастырылған», - деді директор.

Күнделікті өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қайырлы таң» жобасы іске асады. «8 минуттық оқу» жобасы аясында мұнда оқушылар күнделікті көркем әдеби шығармаларды оқиды.

«Нәтижесінде бір айда бір кітап оқылып, кері байланыс ретінде подкаст, шағын көрініс және тест жұмыстарын өткізумен бағаланады. Балалардың 15 минуттық қоңырау уақыты да сапалы ұйымдастырылған. Сыныптар өзара кезекшілік жасап, «Өнегелі 15 минут» жобасын өздері ұйымдастырады. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымына ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар мектептің өмірін қызықты ұйымдастыру, тәрбие процесіне белсенді араласуы үшін мектеп парламенті мүшелеріне арнайы кабинет ашылған. Мен әр парламент жиынында олардың идеяларын тыңдауға және жүзеге асыруға әрдайым ашықпын. Оқушы үнін есту – мектеп миссиясының басты қағидасының бірі», - деді спикер.

Мектепте оқушылар өздері «Дос болайық» жобасын жүргізеді. Жоба мақсаты – оқушылар арасындағы буллингпен күрес. Құқықтық тәрбие бойынша прокуратура, полиция қызметкерлері тарапынан дәрістер, кездесулер, тәрбие және қауіпсізідк сағаттары ұйымдастырылады.Директордың айтуынша, білім ордасында оқушылар ұялы телефондарын арнайы жәшікке салады.

«Тағы бір маңызды жобалардың бірі – «Смартфонсыз мектеп». Сынып жетекшілері сынып сағатында профилактикалық дәріс жүргізеді. Ата-аналардың қолдауымен оқушылар күнделікті бірінші сабақта ұялы телефондарын арнайы жәшікке өткізеді. Бұл оқушылардың сабаққа зейінін шоғырландырып, білім сапасын көтеруге бағытталған. Смартфон тек арнайы ЖИ қамтылған сабақтарда рұқсат етіледі», – деді директор.

Ұстаздар қауымы оқушыларды зерттеу жобаларымен айналысуға бағытттайды.

«Мектепте «Шынайы табиғат» бұрышын жасақтадық. Онда экзотикалық, бауырымен жорғалаушы, тағы да басқа жәндіктер топтастырылған. Астанада алғашқы бауырымен жорғалаушылар бұрышы біздің мектепте ұйымдастырылғанын мақтанышпен айта аламыз. Оқушылардың табиғатқа, экзотикалық тіршілік иелеріне жақындау мүмкіндігі бізді қуантады. Тағы бір айта кететін жайт, біз ата-аналармен тығыз байланыстамыз», – деді басшы.

Мектеп басшысының айтуынша, өткен оқу жылында оқушылар мен педагогтер көптеген жарысқа қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

«Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы байқаулар жоғары нәтиже көрсетуде. «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында бір мұғалім 2-орын, біреуі мақтау қағазын, біреуі сертификат иеленді. Мұғалімдер арасындағы «Алтын тұғыр» олимпиадасында 5 педагог жүлделі орындарға ие болды. Оқушылардың шығармашылық және әдеби бағыттағы жетістіктері де назар аудартады. «Сәкен оқуларында» 2 оқушы, «Ақберен» байқауында 2 оқушы 3-орын иеленді. «Менің кіші Отаным» байқауында 3 оқушы марапатталып, олардың ішінде 2 оқушы – 3-орын, 1 оқушы мақтау қағазын алды.

Мектептің инновациялық әлеуетін арттыруда AI-lab Teachers ЖИ шығармашылық тобының жұмысын ерекше атап өтуге болады. Бұл топта 12 мұғалім жұмыс істейді. Олар STEM HUB, Gemini, Gamma, Fliki, Solvely, Hedra, Gynzy, Claide.ai, AE Studio, CoSpaces Edu, Tripo 3D, Meshy AI платформаларында кәсіби дағдыларын дамытып келеді», – деді директор. 

Сөз соңында Мұрат Ахметов мектептің қауіпсіздік жүйесі туралы да қозғап өтті.

«Мектеп заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етілді. Мектеп бойынша 176 камера, Face ID, кіріс-шығыс бақылауы толық жүзеге асады. Ұлттық жоба әрбір оқушының толыққанды білім алуына, шығармашылық тұрғыда және жеке тұлға ретінде дамуына жағдай туғыза отырып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуға және мүмкіндіктерге жол ашады», - деп түйіндеді сөзін спикер.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті