Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Ақтөбе облысы Қобда ауылындағы әлеуметтік мекемелердің жағдайын қарап, ондағы тұрғындармен кездесті

Серік Жұманғарин Ақтөбе облысы Қобда ауылындағы әлеуметтік мекемелердің жағдайын қарап, ондағы тұрғындармен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қобда аудан орталығында 1 530-дан астам үй бар. Мұнда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған. Ауылдағы 279 үй мен 10 әкімшілік мекеме су астында қалды, олардың арасында мектеп, спорт кешені, дүкендер бар, деп хабарлайды kazlenta.kz.

9 сәуірдегі жағдай бойынша 25 үй толығымен қираған, 12 үй – апатты жағдайда. Тұрғындар 2024 жылғы 27 наурыздан бастап эвакуациялық пунктілерге орналастырылған. 

Бұл ауылда су тасқыны жиі болады. Өткен жылы зардап шеккен тұрғындарға бұрынғы саманның орнына кірпіштен жасалған үйлер салынып берілген. Вице-премьер осындай үйлердің біріне кірді.

«Менің бұрынғы 76 шаршы метр үйім саманнан соғылған еді, әрине, проблема көп болды. Қазіргі үйіміз кең, 10 сотық жеріміз бар, бау-бақша өсіруді жоспарлап отырмыз. Мен мұғаліммін, мектепте биолог-географ мамандығы бойынша жұмыс істедім, қазір зейнеттемін. Бүгінде ардагер педагогтар комитетін басқарамын, қоғамдық жұмыстармен айналысамын», — дейді үй иесі Назифа Алдрабекова. 

Серік Жұманғарин су басқан спорт кешенін аралап көрді. Қалпына келтіру жұмыстары әлі басталмаған. Ол сондай-ақ спорт мектебінде орналасқан эвакуациялық пунктіге барды. Мұнда 13 адам орналастырылған, тағы 30 адам – басқа жақта. Кейбір тұрғындар – туыстарының үйінде немесе өз үйлеріне оралған, басқа барар жері жоқ тұрғындар осы пунктілерге жайғасқан. Олардың арасында 75 жастағы Николай Лашко бар. Оның үйін қалпына келтіру мүмкін емес. Николай Александровичтің жасалған жағдайға шағым айтқысы жоқ, бірақ үйіне оралғысы келетіні сөзсіз. 

Вице-премьер Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевке зардап шеккендерге арнап жаңадан үй салуды тезірек бастауды тапсырды. Ол үшін инфрақұрылым жүргізілген орын қарастырылған. 

Сонымен қатар Қобда ауданын аралау кезінде Серік Жұманғарин батып кеткен үйлер мен Сауқайың бөгетін аралап шықты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді