Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркияның Сакария аймағымен білім саласында ынтымақтастық нығаюда

Түркияның Сакария аймағымен білім саласында ынтымақтастық нығаюда
Фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нұриддин Аманқұлдың Түркияның студенттік қалалары қатарына кіретін Сакарьяға жасаған сапары барысында екі мемлекет арасындағы білім саласында ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сакария губернаторы Яшар Караденизбен, Сакария университеті және Сакария қолданбалы ғылымдар университетінің ректорларымен болған кездесулер барысында түрік тарапы аталған өңірде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің жалпы біліміне жоғары баға беріп, жас буынның Қазақстан мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жан-жақты танытып жатқандығы аталып өтті.

Өз кезегінде Бас консул Нұриддин Аманқұл соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндап, жалпы Сакарья өңірімен инвестициялық, мәдени және басқа да бағыттарда ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екеніне тоқталды.

Қазақстандық студенттермен болған кездесу барысында жас ұрпақтың бауырлас елде оқу барысында туындайтын түрлі мәселелері талқыланып, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Ыстанбұл және Анталиядағы Бас консулдықтары тарапынан әзірленген 3-4 курс студенттеріне арналған міндетті тағылымдамадан өту жобасы «studentabroad.kz» платформасы таныстырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты