Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өткен жылы СҚО ҚАЖ мекемелеріне 60 телефон және 40 грамнан астам есірткі өткізілмек болды

Өткен жылы СҚО ҚАЖ мекемелеріне 60 телефон және 40 грамнан астам есірткі өткізілмек болды
Фото: polisia.kz

Өткен жылы СҚО ҚАЖ мекемелеріне 60 телефон және 40 грамнан астам есірткі өткізілмек болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелерінің режим бөлімдері жұмысының негізгі бағыттарының бірі – тыйым салынған заттарды өткізу арналарын жабу, оларды табу және тәркілеу. Өткен жылы облыс департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде барлы саны 60 телефонды әкелудің 12 фактісі тіркелді. Тыйым салынған заттарды сәлемдемелерде, автокөліктерде, жеке заттармен әкелу, қоршау арқылы және квадрокоптерлерді қолдана отырып өткізбек болған. Кейбір тұрғындар телефондарды, SIM-карталарды, флеш-карталарды, Wi-Fi роутерларын және қуаттағыштарды азық-түлікке, құрылыс материалдарына, автокөлік қаптамаларына, спутниктік антенна тюнерлеріне, киім мен аяқ киімге жасыру арқылы тасымалдаудың күрделі тәсілдерін табады.

Бұдан басқа, есепті кезең ішінде Маңғыстау облысының, Орал, Қостанай және Петропавл қалаларының тұрғындарынан сотталғандарға жолданған сәлемдемелерді тексеру кезінде жалпы салмағы 42,87 грамм есірткі алудың 4 фактісі тіркелді. Өсімдік тектес заттар темекіге, ет қосылған бес литрлік пластик ыдыстағы сүйекте және жаңғақтың ішіне жасырын түрде жасырылды. Сараптама нәтижелері бойынша алынған заттар каннабис шайыры, марихуана, гашиш, опий болып шықты.

Жыл қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша 6 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (3 айыппұл салу, 3 ескерту).

Мекеме қызметкерлерінің және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірге тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу мақсатында қызметтік иттерді пайдалана отырып, мекемелерге іргелес аумақтарды тұрақты негізде патрульдеу жүзеге асырылады. Кезекші ауысым қызметін атқаруды ұйымдастыруды оқу кіріспелерін енгізумен, телефондарды, жарылғыш құрылғылар мен есірткі заттарын муляждарды орнатумен және алып жүрумен үнемі тексеру жүргізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді